ОНЛАЙН КЕҢЕС БЕРІЛЕДІ

− Кәсіппен айналысамын, үйренсем, білсем деген ауыл азаматтарының қатары артып келеді. Дегенмен, барлығының бірдей аудан немесе облыс орталығына келіп, біздің қызметке жүгінуге мүмкіндігі бола бермейді. Енді азаматтардың өз ауылынан шықпай-ақ, ауылдық округ әкімінің кабинетінде біздің кеңесшілерімізбен скайп жүйесі арқылы қосылып, онлайн-кеңес алуға жағдай жасаймыз, – деді Ғ.Жақсылықов.
Бүгінде елімізде кәсіпкерлік саласы бойынша басқарушы кадрлардың дайындық және даму деңгейі жоғарғы дәрежеде емес. Сондықтан кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерімен қатар мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін көтеруді де жоспарлап отыр.