Бизнес заң алдында қорғалады

Өткен жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, «Бизнестің мүддесін сотта қорғау» жобасының шеңбері аясында «Корпоративтік дауларды шешудегі сот практикасы» тақырыбында семинар өткізген. Аталған семинар барысында облыс судьяларына аймақтық кәсіпкерлер палаталарының жұмыстарымен жақынырақ танысу ұсынылды. Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты былтыр кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерге жасап жатқан қызметтерімен жан-жақты танысу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізді. Ұлт жоспары 100 нақты қадам кәсіпкерлер мен отандық және шетелдік инвесторлар құқығын қорғауда тірек болар іргелі ізденістерге жол ашты. Елбасы сот жүйесінің мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, сондай-ақ, елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде, шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің, инвесторлардың құқықтарын қорғауда аса маңызды рөль атқаратынын айқындап берді.
Жоғарғы сотта инвестициялық істерге таразылық жасайтын маңызды алқа құрылды. Бұл жай алқа емес, мамандандырылған алқа. Мұнда ірі инвесторлар мен кәсіпкерлердің дауы қаралады.
Ғ.Бекмамбетов,
Қызылорда облысының мамандандырылған
ауданаралық экономикалық сотының судьясы