» » Жаңадан салынып жатқан ғимарат опырылып құлады

Жаңадан салынып жатқан ғимарат опырылып құлады

   Қызылорда облысында Жалағаш ауданының орталығында салынып жатқан бір қабатты ғимарат құлап қалды.
Оқиға 22 қыркүйек күні, сағат 19.50-де болған. Ғимарат құрылысы биылғы шілде айында басталған болатын. Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, салынып жатқан бір қабатты ғимарат белгісіз себептерден толықтай құлаған. Оның жалпы көлемі 299 шаршы метрді құрайды.
«Оқиға салдарынан ғимарат маңайында тұрған 3 автокөлікке материалдық зиян келген. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Ғимараттың құлау себептерін анықтау жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының «Жұмылдыру және шұғыл жұмыстар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары.
23 қыркүйек 2019 ж. 574 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930