» » Көркемсурет галериясына бардыңыз ба?

Көркемсурет галериясына бардыңыз ба?

Қызылорда – 200 жыл
    Алты Алашқа астана болған Қызылорда қаласының іргесі 1818 жылы қаланды. Екі ғасырға жуық уақыт Ақмешіт атанған бүгінгі Қызылорда қаласының архитектурасы көз тартар жаңа ғимараттармен  толығып, көнеден қалған кұнды тарихи орындарды қайта жөндеуден өткізіп, ел игілігіне ұсынды. Мәселен, көркемсурет галереясы орналасқан ғимарат ХІХ ғасырдың аяғында Орынбор Генерал губернаторының тапсырысымен салынып, облыстық әскери комиссариаттың шақыру пункті болған. Ғимарат 1985 жылғы зерттеу экспедициясы тарапынан есепке алынып, онда ғимараттың ұзындығы – 32 метр, ені – 12,8 метр деп жазылған. Аталған ғимарат ХІХ ғасырдағы сәулет өнерінің деңгейін бейнелейді. 200 жылдық тарихы бар ғимарат 2014 жылы облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, қайта қалпына келтірілді. Жөндеу барысында ғимараттың ішкі, сыртқы қабырғалары қайта салынып, төбе жабыны ауыстырылды. Бүгінде бұл ғимаратта жергілікті қылқалам шеберлерінің таңғажайып туындылары жинақталған. Ғимараттың бірінші қабатына толық галерея орналасса, екінші қабатында суретшілерге арналған алты бөлме бар. Көркемсурет галереясының жалпы көлемі – 350 шаршы метр. Мұнда галереяға лайықтандырылып, 3 зал жасақталған. Бүгінде ғимарат жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА
12 сәуір 2018 ж. 1 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031