» » Есебіңе түгел бол!

Есебіңе түгел бол!

   Жаңа жыл мерекесінен кейін жаппай қаржылық сауат ашу науқаны басталады. Бұл жайында Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев хабарлады.
Енді ел Үкіметі Қазақстан азаматтарын дүние-мүлкін жаппай жария етуге байланысты шарасын бұдан әрі ысырмайтын болды. Алайда барлық кірістері мен ірі шығындарын хаттап-шоттап беруге қарапайым халық дайын емес. Мәселен, қазақстандықтарға той өткізу, көлік алу, кітап шығару, тұрмыстық техника сатып алу, шетелге саяхаттау және басқасына қатысты барлық ауқымды шығысқа қатысты чектерді бірнеше жыл сақтауға тура келеді. Себебі жалғыз шенеуніктердің ғана емес, кез келген адамға салық органдары күдіктенсе, оны құжаттармен растауды талап етуі мүмкін. Растай алмағандары әкімшілік жазаға тартылмақ.
Осы өзгерістерге байланысты кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында қазақстандықтар үшін салық органдары, электронды үкімет порталынан бөлек, декларацияны ұялы телефоннан толтыру мүмкіндігі қарастырылуда. «Азаматтарға декларацияларын ұсыну үшін «Жаппай декларациялау» мобильдік қосымшасын қолданысқа енгізу бағытында іс-шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ электрондық үкімет порталы арқылы жаппай ақпараттандыру жүргізіледі. Бұл шараға сонымен қатар мемлекеттік кірістер органдарының сайттары, салық төлеуші кабинеті, бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және басқалары жұмылдырылады. Ал әр қазақстандықты жеке ақпараттандыру 1414 бірыңғай call-орталығы, ХҚКО-лар және салық органдарындағы қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады», – деді МКК басшысы Марат Сұлтанғазиев.
2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор қызметкерлері мен олардың жұбайлары тегіс декларация тапсыра бастайды. 2023 жылы қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындар мен бюджеттік сала қызметкерлері – педагогтар, дәрігерлер, мәдениет, спорт және басқа салалар өкілдері қосылады. 2024 жылы бұл науқан барлық бизнесмендерді қамтиды: заңды тұлғалар басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары міндетті түрде декларация тапсырады. Ал 2025 жылы халықтың қалған бөлігі осыған міндеттеледі.
                                                                                              Ж.САҒИДА


23 желтоқсан 2019 ж. 637 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930