» » Жеке кәсіпкерлікке алынған несиеден салықтық төлем есептелген

Жеке кәсіпкерлікке алынған несиеден салықтық төлем есептелген

   Қызылорда облысында жеке кәсіпкердің жылқы аламын деп алған қаржылық несиесіне мемлекеттік кірістер органдары салық төлемін есептеген.
Жеке кәсіпкер аталған мәселені шешіп беру жөніндебизнес субъектілерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу фронт-офисіне шағымданған.
Фронт-офистегі кезекті жеке қабылдауға келген ЖК «Баймбетов»«Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау» қорынан 16 бас жылқы сатып алу үшін қаржылық несие алғанын және осы алынған несиеге салық органдары тарапынан салықтық төлем есептелгенін хабарлап, салық органдары әрекетінің заңдылығы туралы көмек көрсетуді сұрайды.
Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бағдат Ізкеновтің айтуынша: «Жеке кәсіпкердің өтініші бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесімен кәсіпкердің алған несиесіне салық төлемдерінің заңсыз және негізсіз есептелгені анықталды. Анықталған мән-жай бойынша облыстық мемлекеттік кірістер департаментіне ұсыныс жолданып, кәсіпкерге қатысты есептелінген салық төлемдері жойылды. Жұмыс барысында өрескел кемшіліктерге жол бергені үшін салық органдарының қызметкері Н.Айымбетов «Сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған».
2018 жылдың шілде айынан бастап фронт-офисте облыстық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, бизнес субъектілерінің өтініштері қаралуда. Өткен жылы фронт-офиске 26 кәсіпкердің өтіштері келіп түсіп, олардың құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілген.

23 қаңтар 2019 ж. 697 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031