» » Шыңғыс пен Әзиз

Шыңғыс пен Әзиз

 
– Кәсіпкер атану оңай емес. Әр істің бір қиындығы бар. Бізде де көп кедергі болды. Аяқтан тұру үшін, жұмысты ілгері дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге тура келді. Бастапқыда біраз ойландық. Не істеуге болады? Қалай жүргізу керек? Бұл жөнінде де отбасымызбен ақылдастық. Сөйтіп "Жас кәсіпкер" жобасы бойынша білім алуға бел будық. "Жастарға берілген мүмкіндікті неге пайдаланбасқа?" деген ой келді, – дейді Әзиз Ғаппаров бізбен әңгімесінде.
Жалағаштық Шыңғыс пен Әзиз былтыр аталмыш жоба бойынша кәсіпкерлік білімін жетілдірді. Шыңғыс «Техника жөндеу орталығын ашу», ал Әзиз «Автокөліктердің дөңгелектерін желімдеу» қызметі бойынша бизнес жобаны қорғап шықты.
Өздеріңіз білетіндей, бүгінде көліктің түр-түрі бар. Оған дәлел іздеудің де қажеті жоқ. Себебі көше де көліктен көз сүрінеді. Сондай-ақ көлік кез келген жерде бұзылып қалады. Дөңгелектің желі де кетіп қалуы мүмкін. Осындайда әбігерге түсеміз. Көліктің дөңгелегін ауыстыруға, желімдеуге автосалон іздеп жүргеніміз. Біз өзімізге бір нәрсе қажет болса "қандай жақсы жер бар" деп сұрап аламыз. Ал енді жалағаштықтар көлігін жөндету үшін аудан аралап жүрмейді. Себебі ағайынды екі жігіт техниканың тілін меңгерген. Олар көліктің кез келген түрін жөндей береді. Мәселен, автокөлік дөңгелегін жөндеу, желімдеу, көлік жуу сынды өзге де қызметпен айналысады.
Олар автокөліктерге қызмет көрсету үшін ғимаратты өз күшімен салып, алдын ала дайындаған. Ендігі жерде шеберхана үшін құрал-жабдықтарға қаражат қажет. «Жас кәсіпкер» жобасы аясында біліктілік жетілдірген ағайынды жігіттер «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы 505 мың теңгеден қайтарымсыз грантты жеңіп алып, ойлаған мақсатын жүзеге асыруда.


– Гранттан ұтып алған қаржыға заманауи құрал-жабдықтарды сатып алып, жұмысымызды кедергісіз бастап кеттік. Техника жөндеу орталығында автокөлікке көрсетілетін қызметтің барлық түрі бар. Жалағаш ауданында шамамен 3000-нан астам автокөлік бар. Халық біздің қызметімізге сұранысқа орай көптеп жүгінуде.
. Мұндай қызмет көрсету орталығын тағы да екі жерден ашуды жоспарлап отырмыз, – дейді жас кәсіпкер Әзиз Ғаппаров.
"Жас кәсіпкер" жобасын тиімді пайдаланғандар көп. Аталмыш бағдарлама жұмыссыз жастардың санын төмендетті. Сондай-ақ жастарға кәсіпкер атануға мол мүмкіндік сыйлады.
– Жігіттерге көлікке қаттысты сұрақтар таңсық емес. "Мұны қалай істейді" деп те бас қатырмаймыз. Қазір көліктердің жаңарып шығып жатқаны жасырын емес. Дегенмен қай көлікте қандай ақау бар? Соның бәрін көріп, жөндеуге тырысамыз. Біздегі басты талап – тұтынушы көңілінен шығу. Егер істеген нәрсе ұнамаса, ол жерге қайтара бармайсың ғой. Сондықтан да біз келушілердің көңілінен шығуды, әр іске мұқият қарауды басты орынға қойдық, – дейді Шыңғыс Ғаппаров.
Айта кету керек, өткен жылы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренерлері «Жас кәсіпкер» жобасы аясында Қызылорда облысы бойынша 1100 азаматты оқытқан. Олардың ішінен 578 жастың жобасы жалпы сомасы 301,9 млн теңгеге қаржыландырылды.
Мөлдір САБЫРЖАН
14 қыркүйек 2020 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031