» » Rumi-ден алған шабыт

Rumi-ден алған шабыт

   Бақытбек КЕНЖЕБЕК,
 жас кәсіпкер:

Жақында "Болашақ" университетінің ұйымдастыруымен «I-Vent» облыстық колледж студенттері мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен инновациялық және бизнес жобаларының форумы өткен болатын. Осы форумда біршама жас кәсіпкердің жұмысымен таныстық. Соның бірі жалағаштық – Бақытбек Кенжебек. Ол "Jas Projekt" жобасының жеңімпазы. "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы бойынша грант иегері. "Бизнес пен инновация саласының келешегі болып табылатын жастардың кәсіпкерлік қызметін дамытып, оларға қолдау көрсетуді мақсат еткен бастама әлі де жалғасын таппақ. Бұл ретте Бибінұр Өткелбай, Әли Ибрагим форумға спикер болып шақыртылдық. Нәтижесінде жастардың кәсіпке дең қойғаныңа куә болдық", – дейді кәсіпкер жоба барысында.
– "Jas Projekt" жобасы бойынша ауданда компьютерлік орталық аштық. Мұндағы мақсатымыз әлеуметтік аз қамтылған отбасыға яғни 100 жасқа компьютерлік салада тегін көмек көрсету. Мәселен, көшірме, сканер, қағаз жазу, шығару сынды жұмыстарға қол ұшын создық. Бүгінде компьютер екінің бірінде бар шығар. Дегенмен тұрмысы төмен отбасыларда бұл мәселеде қиындық туындауы мүмкін. Осыны ескергенді жөн көрдік. Әлеуметтік аз қамтылған жандардың тізімін әкімшіліктен алдық. Жоба аяқталса да біз жұмысты әрі қарай жалғастырудамыз. Бастысы грант есебінде берілген 1 млн. теңгеге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қаржыны қоғамға пайдасы тиер іске жараттық. Жемісін көріп, алғысын білдірген жастар көп. Біреуге көмегіміз тигені бізді жігерлендіреді. Әйтеуір жасалған жұмыста нәтиже болғанын аңғартса керек. Кәсіпте істі бастау оңай, оны алып кету қиынға соғады. Ал біз бастадық, "неге әрі қарай жалғастырмасқа" деген ой келді?
Кәсіпкерлік саласында бағдарламалар көп. Оның ішінде жастарға арналған жобалар да бар. Мәселен, "Жас кәсіпкер" жобасы. Кәсібін дөңгелетемін деген жастарға мемлекет тарапынан 505 мың грант берілуде. Мұның өзі үлкен көмек. Кәсіп бастауда идея, мықты жоспар болса жеткілікті.  Шыны керек, бұл жоба жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтуға көп септігін тиігезді. Одан қалды "кәсіпкер атанамын" деген жасқа серпін берді. Сонымен бірге "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы да кәсіпті дамытуға айтарлықтай көмектесуде.
– «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік грантқа қатысып, грант иегері атандым. «Атамекен» Ұлттық палатасы жастарға көп мүмкіндік беруде. Менің қуанышымда шек жоқ. Менің жобамның негізгі мақсаты –ауылдық жерде массаж орталығын ашу болатын. Міне, бүгінде жұмысым өз нәтижесін берді. Осылайша, 500 мың теңге қаражат иегері атандым. Жалағаш ауданына кең ауқымды массаж орталығын ашуды, дамытуды қолға алдым. Артроз, артрит диагнозымен ауыратын науқастарға массаж жасалады. Бұл кәсіпті бастарда тұрғындардың орталыққа бармай-ақ ауданда массаж қабылдауына жағдай жасауды қолға алдық. Сөйтіп, аудандық жерде массаж орталығы қолданысқа енгенін қаладық, – дейді жас кәсіпкер.
Бақытбек кәсіпкерлікті дамыту мақсатында білімін жетілдіруді қолға алды. Табысты кәсіпкер Қуаныш Шоңбайдың онлайн тренингіне қатысты. "Екінші болма" кітабын оқып, одан алған әсерін жастармен бөлісті. Кітаптағы керек-ті жерін түртіп алып, кәсібін әрі қарай дөңгелетті. "Нұр-Сұлтан қаласына арнайы атбасын бұрып, Қуаныш Шоңбайдың "Rumi" асханалар желісіне барып шабыт алды. Сөйтіп, кәсіптің қыр-сырын меңгеріп қайтты.

Мөлдір САБЫРЖАН
13 желтоқсан 2019 ж. 950 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031