Пайдалы үйірме

– Менде жұмыссыз жас қатарында болатынмын. Бағдарлама шыққалы менде жұмысқа орналастым. Топ құрып, заманауи техника пайдалануды үйрететін үйірме аштым. Мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен 62 адамды қамтыдық. Оларға заманауи техникаларды пайдалануды үйретіп, үй жиһаздарын жасадық. Сондай-ақ 6 ай бойы қызмет көрсеттік. Орындық, ескі тұтқалары, қол өнер бұйымдары бар. Көбіне үйдің тұрмыстық заттарын жасаймыз, – дейді жас кәсіпкер бізбен әңгімесінде.
Басылымның өткен санында "Жаңақорған ауданындағы жас кәсіпкерлер туралы жазатын боламыз" дедік. Міне, "Jas Project" жобасын әрі қарай кәсіп көзіне айналдырған жастар туралы кеңінен баяндадық. Бір қызығы жоғарыда аталған 266 жобаның бүгінде әрі кетсе 40 пайызы жұмыс істеп жүр. Қалған 60 пайызы өз жұмысын тоқтатты. Ал біздің кейіпкеріміз Рахмет пен Дінмұхаммед өзге жастарға үлгі. Себебі олар бүгінде жұмыссызбын деп қол қусырып отырған жоқ. Мемлекет берген мүмкіндікті пайдаланып, бір миллион теңгені игеріп, кәсібін дөңгелетіп отыр.
М.КЕНЖЕҒҰЛОВА