» » Қар және бұршақ: Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

Қар және бұршақ: Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

    Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде қатты жел соғып, бұршақ жауады, үсік жүреді, найзағай ойнайды
 "Қазгидромет" РМК республиканың басым аумағында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
23 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан және батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, 30 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауады деп болжанып отыр, 1-3 градус үсік жүреді.
Қызылорда облысында түнде – найзағай және дауыл. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.
Нұр-Сұлтан қаласында 23-24 қыркүйекте 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Өскемен қаласында күндіз найзағай ойнайды, жел тұрады. Семейде де – найзағай және жел.
Көкшетау қаласында оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.
Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл көтеріледі. Кей аймақтарда шаңды дауыл тұрады, желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады. Түркістан қаласында да жел соғады.
Шымкентте де қатты жел тұрады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл және жел болады деп болжануда.
23 қыркүйек 2019 ж. 1 399 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031