» » Батыр ананың бір күні

Батыр ананың бір күні

    Қызылорда қаласындағы Батыр Аналар тұратын "Баламекен" ауылында болып, алтын құрсақты жас ана Айдана Дәуренбекованың отбасымен танысып қайттық. Біз барғанда жолдасы Айдос құрылыста жұмыста екен. 
     Айдана бала күтімімен үйде отыр. Оның күнделікті жұмысы балаларға тамақ дайындау, кір жуу, сабақтарын қадағалау. Бірін балабақшаға шығарып салса, енді бірін мектепке жібереді.  Кешкісін бәрі түгел бас қосып, арқа-жарқа болады. 
      Бұл жігіттер біз барғанда сабақтарын оқып отырды. Үшеуі де түстен кейін мектепке барады. Үлкені Ерасыл - 11 жаста. Өскенде әкем секілді құрылысшы боламын дейді. Нұрасыл -10 жаста. Ол милиция болам десе, 7 жасқа толған Әділет әскери қызметкер болуды армандайтынын айтты. Ерасыл өскенде "ауылбайский" келіншек әкелем дейді. "Ол қандай болады?" деп тақымдасақ, "бәрін істейтін пысық қыз" дейді. Ал Нұрасыл "әлемдегі ең сұлу қызды аламын" деп күліп қояды. Әділет болса өзі секілді "солдатский" келіншек алатынын айтты. Балалардың оқу үлгерімдері жақсы. Сабақтарына 25 маршрутпен өздері барып келіп жүр. 
Бұл жігіттің есімі - Айқын. Ол балабақшаға барады. Ән салып, сурет салудан шебер. 
     Ұлдың кенжесі - Нұрәли. Нұрәлиде талапты бала. Өз арманындағы биік қамалды тұрғызады. Тақпақ айтып, би-билейді. Ағасымен бірге балабақшаға барып жүр. 
   Ал, бұл айдай сұлу қыз бес ұлдан соң туылған - Раяна. Балдай тәтті балақайды ағалары ойнатады. Қастарынан тастамайды. Анасының серігі. Анасы ас әзірлесе, кір жуса да жанында көмекші болып жүреді. 
        Бірі құрылысшы, бірі милиция, бірі әскери қызметкер боламыз деген үш жігіт алысып күш сынасып алады екен. Кім жеңіледі сол анасына көмектеседі. 
                             Балалар ауладағы ойын алаңында қас қарайғанша асыр салып ойнайды. 
                        Сырғанаққа да таласпай, үлкендері кішкентайларына қамқор болып ойнап жүр. 
  Бала кезімде "біздің үйіміз дәу" деп мақтанған көршінің баласының "өй мақтаншақ" деп басынан бір ұрғаным есіме түсті. Балаларға құтты қоныс болған "Баламекен" ауылында барлық үйлер бірдей үлгімен салынған.
      Міне, бұл біз болған Айдос пен Айдананың шаңырағындағы жарасымды тіршілік. Тәңірге тәубе деп, балалармен бақытты ғұмыр кешуде. Балалармен бірге болып, балалық шаққа саяхат жасап қайттық. 
Гүлбану МАҚАЖАН
суретті түсірген автор. 
09 қазан 2019 ж. 2 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031