Қызылордада «Заңсыз келуші» шарасы өтті
Қызылорда облысы орталығында полиция қызметкерлерімен «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Шара аясында тәртіп сақшылары шетелдіктердің құқықтарын сақтай отырып, олардың қала аумағында болу заңдылығын тексерді. Жатақханалар, қонақ үйлер, базарлар, вокзал және салынып жатқан құрылыс нысандарын аралады.
Қала көлемінде көші-қон қызметі бөлімі мен Жергілікті полиция қызметкерлерімен жүргізілген жұмыс барысында 60 шетел азаматы полиция органдарына жеке басын анықтауға жеткізілді. Оның ішінде 35 азаматтың заң бұзушылығы анықталып, әкімшілік хаттамалары толтырылды. Қазіргі таңда хаттамалар Қызылорда әкімшілік мамандандырылған сотына заңды шешім қабылдау үшін жолданды.
ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 1,3-бөлігімен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу үшін ҚР-ның заңнамасында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде ІІО-на тіркеуден өтпей ҚР-да болуынан көрінген, ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) 20Өзбекстан Республикасының азаматына әкімшілік хаттамалар толтырылып, ескерту жасалды.
ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 2-бөлігімен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көзделген мерзімдерден астам уақыт ІІО-да тіркеуден өтпей ҚР-да болуынан не тіркеу көрсетілген мекен-жайда тұрмауынан, ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) Өзбекстан Республикасының 2 азаматына Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының құзырымен әкімшілік шара көрілді.
ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін 3 тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтаруы) Өзбекстан Республикасының 8 азаматына әкімшілік шара көрілді және олардың арасындағы 1 шетел азаматы елден аластатылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның, келу мақсаты мен көші-қон карточкасындағы көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан, ҚР-ның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы, ҚР-да еңбек қызметін жүзеге асыруы) Өзбекстан Республикасының 5 азаматына әкімшілік шара көрілді және олардың арасындағы 1 шетел азаматы елден аластатылды. 15 шетел азаматтары жеке басын анықтайтын құжатының болмауына байланысты Қызылорда ҚПБ-ның Қабылдау-тарату орнына жеткізілді.