» » Қазақстанда алғаш рет коронавирустан көз жұмғандардың мәйіті зерттелді

Қазақстанда алғаш рет коронавирустан көз жұмғандардың мәйіті зерттелді

  Мамандар коронавирустан қайтыс болған алматылықтардың жиі кездесетін қосалқы аурулары артериялық гипертензия және қант диабеті болғанын айтты.Қазақстанда алғаш рет коронавирустан қайтыс болған мақұмдардың мәйіті зерттелді, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.
«Алматы облысында мамандар 65 адамның мәйітін тексеріп, қандай жағдайда ауру өлімге әкелуі мүмкін екенін анықтап көрді. Барлық жағдайда өлімнің себебі респираторлық стресс синдромы екені белгілі болды. Қайтыс болғандардың 61 проценті қосалқы ауруы бар адамдар», – деп жазылған телеарна сайтында.
Мамандар коронавирустан қайтыс болған алматылықтардың жиі кездесетін қосалқы аурулары артериялық гипертензия және қант диабеті болғанын анықтады.
Қайтыс болған 65 науқастың 41-і ер адам болса, 24-і әйелдер. Ең жас қайтыс болған адам 32 жаста, ал ең үлкені 92-де. Барлық науқастан COVID-19 белгілері бар пневмония анықталды. Науқастар өкпені жасанды желдетуге мұқтаж болған.
16 қазан 2020 ж. 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031