» » Жұлдыз – жорамал

Жұлдыз – жорамал

Тоқты
Жұмысқа қатысты ұсынысты талқылауға және келіссөз жүргізуге қолайлы апта. Мықты жұмыс берушіден ұсыныс түседі. Жұмысқа қатысты мәселенің барлығын оңай, әрі тез шешесіз.
Торпақ
Өзіңізге ұнайтын жұмыспен айналысқан жөн. Тіпті аптада жұмыстың барлығын ысырып қойып, жай демалуға да болады. Бірақ жұмыс барысымен жол сапарға шықпаған жөн.
Егіз
Тез әрекет етіңіз. Егер еріншектік танытпасаңыз, барлығы ойдағыдай жүзеге асып, аптаңыз сәтті өтеді. Жұмыста көп кедергіге кездесуіңіздің бірақ себебі бар: ол әріптестерден көп көмек күтуіңізде болып отыр.
Шаян
Қызықты, әрі жемісті апта. Өз талантыңызды танытуға, шығармашылықты шыңдауға көп жұмыс жасайсыз. Жаңа бастама көтеріп, қызықты идеяларды ортаға салып, талқылауға кірісесіз.
Арыстан
Аптада аздаған кедергілерге тап боласыз. Бірақ сіз міндетті түрде оларды жеңіп шығасыз. Бірақ нақты шешім шығару үшін көп күш жұмсауыңызға тура келеді. Сіздің тапқырлығыңызға таңқалмасқа амал жоқ.
Бикеш
Әңгіме-дүкен құрып, түрлі тақырыпта сөз қозғауға қолайлы сәт келді. Қызықты кездесу, ерекше таныстық орын алады. Айналаңыздағы адамдармен тез тіл табысып, олардың ойын айтқызбай ұғасыз.
Таразы
Уақыт сәтті болмақ. Сондықтан ойға алған шаруаны кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Бұл уақыт жеке шаруамен айналысуға да, сондай-ақ көпшілікпен бірге жұмыс істеуге де ыңғайлы сәт.
Сарышаян
Аздаған қиындықтарға тап боласыз. Бірақ сіз бұл қиындықтан еш қорықпайсыз. Өмірден жиған тәжірибеңіз қиын жағдайдан шығуға көмектеседі. Өзіңіздің ғана емес, сондай-ақ өзгелердің де мәселесін шешуге тырысасыз.
Мерген
Жұмысыңыз алға басып, ісіңіздің барлығы сәтті болады. Сонымен қатар пайдалы таныстық орын алып, болашағы зор ұсыныс түсуі мүмкін.
Тауешкі

Жақындармен ара қатынасты жақсартуға қолайлы сәт. Сіз өткен күндердегі өкінішті, өкпе-назды кешіріп, жақыныңыздың сізге ішкі сырын ақтаруына мүмкіндік бересіз.
Суқұйғыш
Дәл қазіргі сәт қиялға беріліп, орындалмас арманға қол созуға болмайды. Нақты жұмысқа ден қойып, тапсырмаларды орындауға тырысыңыз. Аздаған жетістікке жету сізді зор қуанышқа бөлейді.
Балық
Жетістікке жетудің жолын көздесеңіз, сол үшін аянбай еңбек етіңіз. Мақсатқа жету жолында нақты шешім қабылдай біліңіз. Ол үшін кейбір шаруаларды кейінге қалдыруға тура келеді.
22 қазан 2020 ж. 253 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031