» » Жұлдыз – жорамал: 17 шілдеге

Жұлдыз – жорамал: 17 шілдеге

  Тоқты
Өз ортаңызда ойыңызды ашық айтып, пікіріңізді білдіріп отырыңыз. Шығармашылық жоспарыңызды орындауға сәтті апта. Тек шығармашылық бағытта ғана емес, сонымен бірге басқа да істерде жолыңыз блолады.
Торпақ
Көптен жиналған тапсырмаларды орындайсыз. Сізге әлдекімдер әділетсіздік жасауы мүмкін, сақ болыңыз. Тік мінезіңіз барлығын орнына келтіретініне сеніңіз. Бірақ сабырсыздығыңыз мәселенің шешілуіне аздап кедергі келтіруі мүмкін.
Егіз
     Сауда-саттықпен айналысатын жандардың жолы болады. Алдыңызға мақсат қоя білсеңіз, оған жету және мол табыс табуға мүмкіндік бар. Нәзікжандылар аптада аз да болса уақытты көңілді өткізеді. Басшылық қызметтегі ер адамдардың жолы болады.
Шаян
    Аптада күш-жігеріңізді жинап, бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізіңіз. Жаңа жобаларды жүзеге асырып, қосымша табыс көзін табуға қолайлы сәт. Жеке өміріңізде орын алған кейбір қателіктерді жөндей аласыз.
Арыстан
Серіктестеріңізге талап қойып, өз ұстанымдарыңызды сақтап қаласыз. Өзгелердің айтқанына ермей, өзіңізге ұнаған іспен айналысыңыз. Айналаңызда болып жатқан жағдайлар сізге пайдасын тигізуі мүмкін.
Бикеш
Апта жаңа таныстықтарға, достарыңызбен кездесуге және басқосулар ұйымдастыруға қолайлы сәт. Сізді тосын сый күтіп тұр. Сонымен қатар өзіңізге қажетті ақпаратқа қол жеткізесіз.
Таразы
Алдын ала жоспар құрған болсаңыз, апта сіз үшін сәтті болмақ. Көп жағдайда достардың емес, өзіңіздің ішкі түйсігіңіздің көмегіне жүгініңіз. Жеке өміріңізде аздаған қиындықтар туындауы мүмкін, бірақ еш мойымаңыз.
Сарышаян
Қонақ күтуге, достармен кездесуге өте қолайлы сәт. Әйел адамдар асханадан шықпай, түрлі тәттілер дайындаса, ерлер таза ауада демалады. Балаларыңызға көп көңіл бөліңіз. Оларға сіздің көмегіңіз қажет.
Мерген
Шабытыңыз тасып, ішкі түйсік дамиды. Кез келген істі оңай атқарып, жақсы нәтижеге қол жеткізесіз. Сіздің талантыңызға, сапалы жұмысыңызға тәнті болатындар көп.
Тауешкі
Жұлдыздар бастаған істі соңына дейін жеткізуді ескертеді. Оларды қазір аяқтамасаңыз кейін көп ақша мен күш жұмсауыңызға тура келеді. Әріптестеріңізбен келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Ал ескі таныстарыңыз өздерінің ақыл-кеңестерін береді.
Суқұйғыш
Бойыңыздағы талантты шығарыңыз. Әсіресе шығармашылық қырыңызды таныта біліңіз. Жаңа таныстарыңыздың арқасында өміріңізді жаңа бағытқа бұрасыз. Дәл бүгін өмірлік серігіңізді табуыңыз мүмкін.
Балық
Көңіл-күйіңіз өте керемет болады. Апта басқосулармен, мерекелік кештермен өтеді. Құжаттарға қол қойып, келіссөздер жүргізуіңіз де мүмкін. Жаңадан бастаған ісіңіз алға басады. Бірақ ол үшін көп күш жұмсауыңыз қажет.
17 шілде 2019 ж. 596 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930