» » Жұлдыз – жорамал: Алдағы апта сізді не күтіп тұр?

Жұлдыз – жорамал: Алдағы апта сізді не күтіп тұр?

   Тоқты
Аптада жағымды жаңалықтар көп болады. Өзіңізге сеніңіз, әрбір ісіңіздің жақсылыққа бастайтынына сеніңіз. Тәуекелге барудан қорықпаңыз.
Торпақ
Жақындарыңызбен қарым-қатынас жақсара түспек. Сіз олармен бірігіп жұмыс істеп, ортақ мақсатқа қол жеткізе аласыз. Сезімдеріңізді жасырып қалудың қажеті жоқ.
Егіз
Маңызды істі атқаруға қолайлы уақыт. Қиындықтан қорықпаңыз. Өзіңіз күткеннен де зор табысқа кенелесіз. Қиын тапсырмалардың өзін тез, әрі оңай орындайсыз.
Шаян
Жолыңыз болып, барлық ісіңіз алға басады. Ескі таныстарыңыз немесе достарыңызбен кездесіп, әңгіме-дүкен құрасыз. Бұл кездесу жаңа идеялардың туындауына көмектеседі.
Арыстан
Маңызды мәселенің шешілу жолдарын қарастырып, нақты шешім шығаратын сәт келді. Орын алып жатқан оқиғаларды ой елегінен өткізіп, өзгелер көңіл бөлмеген жағдайды назарға аласыз.  
Бикеш
Өзіңіз күмән келтірген істе де табысқа жетесіз. Қарсыластарды шаң қаптырасыз. Абыройыңызға нұқсан келтірген әңгімелерге нүкте қоясыз. Сіз олардың жалған екенін дәлелдейтін боласыз.
Таразы
Барлық ісіңіз өз ретімен орындалып, жұмысыңыз бірқалыпты жүреді. Көп уақытыңызды білім көкжиегін кеңейтуге жұмсаңыз. Сүйікті адамыңыз тосынсый жасайды.
Сарышаян
Сәтті апта. Белсенділігіңіз тым жоғары. Басшылық көп еңбектенгеніңізді қалайды. Жеке өміріңізде барлығы жақсы. Бірақ ішкі түйсіктің айтқанына бағынғыңыз келмейді.
Мерген
Жаңа жұмыс табасыз немесе жаңа серіктестермен жолығасыз. Мұндай белсенділігіңізді кейбір жандар дұрыс түсінбейді. Жеке өміріңізде қызықты жайттар көп болады.
Тауешкі
Сәтті апта. Түрлі адамдармен кездесіп, олардың көбісімен тез тіл табысасыз. Материалдық тұрғыдан жағдайыңыз жақсарып, пайдалы келісімшарт жасасасыз.
Суқұйғыш
Қарбалас, сонда да жемісті апта. Жұмыста да, үйде де шаруа көп. Барлығына үлгеру мүмкін емес. Бірақ сізге көмекке келетін жандар бар.
 Балық
Ойыңызға көп жаңа идеялар келеді. Олардың әрқайсысын тереңнен ойланып көріңіз. Табысқа жетудің жолын қарастырыңыз. Жақын таныстарыңыз өз тәжірибесімен бөлісіп, кеңес береді.
28 сәуір 2019 ж. 1 617 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930