Шекара шебіндегі шектеулер
Мемлекеттік шекара тыныштығын күндіз-түні күзетіп тұрған шекарашылар үшін алғы шептегі әр сәт аса жауапкершілікті, қырағылықты талап етеді.
Соңғы жылдары мемлекеттік шекара учаскілерінде мал иесінің жауапсыздығы, малдың қараусыз жайылуына байланысты заңға қайшы іс-әрекет деректері тоқталар емес. Жоғарыда аталып өткен деректер 2020 жылы да тіркелді. Мәселен 2020 жылы ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Өзбекстан республикасымен шектесетін шекара шебінен Қазақстанның Өзбекстанға қарай бет алған 4 малдың ізін анықтады. Іздестіріп, сұрастыру нәтижесінде мал иелерінің Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Шопанқазған елді мекеніндегі Жеңісбай Оңдасбаев мен Талғат Оңғарбаевтың түйелері екені белгілі болды. Осы дерек бойынша ҚР Шекара режимін бұзғаны үшін мал иелеріне әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 514 бабына сәйкес хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш 26150 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондықтан шекаралық аумақтағы облыс тұрғындарына осындай оқиғаларды болдырмауды және алдын алуды ескертеміз.
М.АПУШЕВ,
ҰҚК Шекара қызметінің Қызылорда
облысы бойынша департаментінің офицері