Облыс тұрғындарының назарына!
Ел шекарасының тыныштығын күзетіп, Отанды қорғау ‒ кез келген азамат үшін қасиетті борыш. ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша Департаментіне ерлік пен жауынгерлік рухты ту еткен абыройлы міндетке лайықты азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырады. Келісімшарт бойынша әскери қызмет – кәсіби өсудің кепілі, сонымен қатар әскери қызметкердің өзінің және отбасының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін абыройлы жұмыс.
Отанды қорғау рухымен өмір сүретін әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жоғары деңгейде ұстау ‒ мемлекеттің міндеті. Яғни әскери қызмет 100-200 мың теңге көлеміндегі жалақы мен тұрғын үйді жалға алу кепілдігімен, медициналық тегін қызметпен, еңбек демалысына шыққан екі ай уакытта ақшалай қаражатпен қамтамасыз етіледі. Келісімшарт бойынша әскери қызметке мерзімдік әскери қызметін өтеп келген, кәсіби қабілетке ие, денсаулығы әскери қызметке жарамды азаматтар қабылданады. Барлық сұрақтар бойынша 29-60-33, 29-60-34, 29-60-35, 29-60-36, 29-60-37 байланыс телефондарынахабарласуға болады.
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызылорда
облысы бойынша департаменті