Шекара шебіндегі Алғатай
Жыл өткен сайын 2019 әскери бөлімі жас офицерлермен толығып отырады. Сондай қызметіне адал жастың бірі – ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара академиясының түлегі Алғатай Айтуұлы.
Алғатай Түлкібас ауданы, Сарсек ауылынды дүниеге келіп, осы жердегі білім ордасында тәлім алған. Ал мектептің жоғары сыныбын Шымкент қаласындағы С.Рахимов атындағы әскери мектеп интернатында жалғастырған соң, Алматы қаласындағы Шекара академиясына тапсырады. Биыл Алғатай «Оңтүстік» өңірлік басқармасына қарасты 2019 әскери бөлімінің «Шопанқазған» заставасы бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды. Енді ел шекарасының алғы шебі заставасында қызмет атқаратын Алғатай әскери өмірдің қыр-сырын меңгеріп, тәжірибе жинайтын болады.
Г.Пірімжанова,
кітапхана меңгерушісі