» » Жұлдыз – жорамал

Жұлдыз – жорамал

Тоқты
Тағдырға қарсы келемін деп әуре болмаңыз. Бүгін жолыңыз болмағанымен, келер күні барлығы сәтімен болар. Қарапайым қалпыңызды сақтаңыз. Әріптестердің қызғанышын тудырудан аулақ болыңыз.
Торпақ
Сырт келбетіңізге мән беріңіз. Мақсатқа жету үшін біраз қадамдарға барасыз. Бірақ ойыңызбен, жоспарыңызды құпия ұстаңыз. Әсіресе, әріптестер мен достарға тіс жармаған дұрыс.
Егіздер
Айналаңыздағылардың барлығы бірдей сіздің талғамыңызбен жүруі міндетті емес. Өзгелердің таңдауына түсіністікпен қараңыз. Әйтпесе достарыңызды жоғалтып алуыңыз мүмкін немесе сізден көбісі теріс айналады.
Шаян
Өз көзқарасыңызды, өзгелер туралы пікірді өзгертпеңіз. Жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңыз алшақтап, түсініспеушіліктер орын алуы мүмкін. Қиялға ерік беріп, біраз уақытыңызды жоғалтып аласыз.
Арыстан
Көлік алатын, жағымды жаңалық болатын немесе белсенділік танытатын апта. Көтеріңкі көңіл-күй мен белсенділігіңіздің арқасында аяқталмаған біраз шаруаны тындырасыз.
Бикеш
Істеріңіздің барлығы алға басады. Бұл қарсыластарыңыздың қызғанышын тудырады. Үлкен кісілермен және лауазымды тұлғалармен сөйлескенде абай болыңыз. Аңдамай сөйлеп, олардың көңіл-күйін түсіріп алмаңыз.
Таразы
Ұнатқан жанға сөз салып, жүрегіңіздің иесін табатын күн келді. Шаңырақ құруды жоспарлап жүрсеңіз, нағыз сөз байласатын уақыт. Бүгінгі күн қандай істі болсын бастауға өте қолайлы сәт. Көптен бері ойға алған ісіңізді жүзеге асырасыз.
Сарышаян
Серіктестермен қарым-қатынаста абай болыңыз. Туындаған мәселелердің барлығын тез арада шешіп отырыңыз. Бастысы, шешімді дұрыс қабылдай біліңіз. Еңбегіңіз ескерусіз қалмайды.
Мерген
Сізді бүгін тосынсыйлар мен сый-сияпаттар күтіп тұр. Есесіне өзіңіз де мол қаражатты жұмсап жібересіз. Бірақ алаңдамаңыз, жұмсалған ақша текке кетпейді. Келіссөз жүргізгенде абай болыңыз.
Тауешкі
Ойламаған жерден мол табысқа ие боласыз. Жылжымайтын мүлік немесе көлік аламын деп жүрсеңіз аптада сол ойыңызды жүзеге асырыңыз. Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Өзіңізден жасы үлкен әріптестердің арқасында қызметте жоғарылауыңыз ғажап емес.
Суқұйғыш
Жетістікке жетуге деген талпынысыңыз оң нәтижесін береді. Мықты маман ретінде сұранысқа ие боласыз. Достарыңызбен және сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз жақсара түспек. Болып жатқан жағдайлар сізді көп алаңдатпайды.
Балық
Өте керемет апта. Сауда жасауға да қолайлы. Демалыс күніңізді жақсы өткізесіз. Бұл күні көбісі сізге қызыға қарайды. Аптада жағымды жаңалықтарыңыз көп болмақ.
05 қараша 2020 ж. 182 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728