Дөңгелегі жоқ велосипед

Велосипедтің таңдай қақтырар тұсы ерекше дизайны екені рас. Сондай-ақ ондағы GPS модулі қауіпсіздік жүйесін басқаруға қызмет етеді. Бұл пайдаланушы үшін үлкен мүмкіндік болары анық. Ал смартфонға арналған арнайы қондырғыда батареяның күйі, қозғалыс жылдамдығы, жүріп өткен қашықтық, жұмсалған калория жайлы толық ақпарат көрсетіледі. Қозғалтқышты қосу үшін орнатылған сканердің арқасында велосипед өз иесін жазбай таниды әрі бұл техниканың қолды болуына жол бермейді. Жаңа техниканың жаңалығы мұнымен бітпейді, себебі онда USB порты, жарық сенсоры, әдеттен тыс 800 CD / м2 фаралар, қозғалыс сенсоры және ал алмалы-салмалы батарея орнатылған. Батареяны 3 сағаттың ішінде қуаттауға болады. Ал қараңғыда велосипед дөңгелегінде жарық диодты шам автоматты түрде іске қосылады.
Велосипед 750 Вт электр қозғалтқышы арқылы қозғалады, максималды жылдамдық ‒ 40 км / сағ. Бірақ бұл АҚШ тұрғындары үшін көрсетілген сипаттама, өйткені еуропалық нарық жағдайында қуат 250 Вт-қа дейін шектеулі. Велосипед 120 келіге дейінгі салмақты оңай көтере алады. Тұтынушыға қолайлы барлық мүмкіндікті қарастырған компания велосипед келесі жылдың наурыз айынан бастап қолданысқа енетінін айтты.