» » Nur Otan конференцияларда пікірсайысқа түсетін қатысушылардың тізімін бекітті

Nur Otan конференцияларда пікірсайысқа түсетін қатысушылардың тізімін бекітті

Nur Otan партиясының бүкіл еліміз бойынша аудандық және қалалық филиалдары Саяси кеңес бюросының отырыстарын өткізіп, олардың барысында конференциялардағы пікірсайыстарға түсетін қатысушылардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Жалпы, партияішілік іріктеудің екінші кезеңі аясында аудандар мен қалалардың конференцияларында пікірсайыстарға 1397 кандидат қатысады. Соның ішінде Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары да бар.
Пікірсайыстар мен дауыс беру қорытындылары бойынша ең жоғары нәтижелерге ие болған қатысушылар облыстық партиялық тізімге енгізу үшін ұсынылады.
Пікірсайыс қорытындылары бойынша ең көп дауыс жинағандар, өңірдің Мәжілістегі өкілдік квотасына сәйкес, Мәжілістің партиялық тізіміне пікірсайысқа қатысушылар ретінде облыстық конференцияға ұсынылады.
Пікірсайысқа қатысушылардың тізімімен primaries.kz. сайтынан танысуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Nur Otan партиясы өңірлік конференциялар кестесін жариялаған болатын. Оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттар мен әр өңірден Мәжіліске партиялық тізімге кандидаттар анықталатын болады.
Облыстық мәслихаттарға партиялық тізімдер тиісті конференцияларда, ал Мәжіліске қорытынды тізім Nur Otan съезінде бекітіледі.
Партияішілік іріктеу – праймериздің бірінші кезеңіне 10 мыңға жуық кандидат қатысты. Олардың 37%-ті – әйелдер, 29%-ті – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан кандидаттардың 30%-ті ұсынылса, ал 70%-ті – өзін-өзі ұсынушылар. Дауыс беруге 662 мыңнан аса партиялық қатысты.
07 қараша 2020 ж. 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031