Ұстаздар есірткіге қарсы!
Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ
тарапынан жарияланған байқауға
тарапынан жарияланған байқауға
Қас жауы бар есірткідей адамның.
Қаптамасын алқабында сорасы,
Кең жазира менің алтын даламның.
Егеменді еліміздің, көк байрағымыздың тұғырлы, елімнің ертеңі жарқын болуы болашақ ұрпақтың қолында екені баршамызға аян. Білімді де саналы, салауаттылықты жанына серік еткен бүгінгі жас ертеңгі елімнің бейнесі, иесі десем, қателеспеген болар едім.
Қазіргі таңда күн тәртібінен түспей жүрген қоғамымыздың дерті жастардың зиянды әдеттерге бой алдыруы.Ол қоғам үшін қаншалықты қауіпті?!
Есірткі...тағы да есірткі... өкінішке орай қоғамдағы зияны жайлы, қаншалықты қауіпті екенін айтып, ғалымдар дабыл қағуда!!! Есірткіге тәуелді адамды нашақор деп атайды.
Қазіргі таңда күн тәртібінен түспей жүрген қоғамымыздың дерті жастардың зиянды әдеттерге бой алдыруы.Ол қоғам үшін қаншалықты қауіпті?!
Есірткі...тағы да есірткі... өкінішке орай қоғамдағы зияны жайлы, қаншалықты қауіпті екенін айтып, ғалымдар дабыл қағуда!!! Есірткіге тәуелді адамды нашақор деп атайды.
Нашақорлық – адам ағзасын өте тез уландыратын, аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресе, жас ағзалар тез қабылдайды. Қазір республикамыздағы нашақорлардың дені 15 пен 25 жас аралығындағы жастар екені өкініш тудырып отыр. Медицинада “наркотизм”, ал оның ауыр түрін “наркомания” деп атайды. Грек тілінен аударғанда “нарк”- жасанды ұйқы, “мания”- есі кету, есіру деген ұғым береді. Нашақорлықтың адам ағзасына тигізетін зияны өте қауіпті және психикаға әсер ететін есірткі, адамды біршама уақытқа дейін көңілдендіреді, ең өкініштісі адам өліміне соқтыруы әбден мүмкін екені дәлелденген жайт.
Есірткі заттарын қолданып дағдыға айналдырған нашақорлар 12-18 сағаттан кейін тағы қайталамаған жағдайда денесі құрысып-тырысып, көздерінен жас ағып, тамақ ішсе құсып, тәбеттері ашылмайды. Басы жиі ауырып, буын-буыны, аяқ-қолының бұлшық еттері шаншып, ішек-қарыны бүріп, іші өтіп, бойынан сұп-суық тер шығып, мазасызданады. Мұны олардың тілінде “ломка” дейді. Сырқат адам ашушаң болып, ызақорлық көрсетеді. Жүйке жұқарған көріністер, өзін-өзі жарақаттау,тіпті кейде өзіне қолданып жүрген емдеу тәсілдеріне қарсы мінез көрсетеді.Ақырын ғана шыққан дыбыс нашақорға тау құлап жатқандай болып естіледі. Алдында жатқан бір тал шыбық бөрене боп, тау төбе болып елестейді. Адамның аңғару, ойлау қабілеті нашарлап, бос сандырақтайды, жөнсіз күлетін күй кешеді. Содан соң оны бірнеше сағатқа шейін ұйқы басады. Оянған соң нашақордың есіл-дерті қайдан да болса да есірткі заттарды тауып ішуде болады. Ең қатерлісі – нашақор есірткіге ақша табу үшін кісі тонау, ұрлық жасауға барады. Осы қауіпті ісі үшін жақындарынан, жақсы ортадан алыстай бастайды, оларды жеңіл ақша табу қоғамға келтіретін залалын ойлап, туысы, отбасы бас тартары анық. Есірткіге елітіп, қылмыстық іске баратындар қаншама?! Дәл осы жағдайда өз денсаулығының қас жауы сонымен бірге қоғамға өте қауіпті болып саналатыны өкінішті болып отыр.
Көп жағдайда есірткіге үйір болған жандар кімдер?
Зерттеу нәтижесінде анықталғандай жиі ұрыс-керіс орын алатын отбасылар, толық емес отбасылар,ата-ана бақылауынсыз қалған жасөспірімдер өздеріне жұбанышты есірткіден іздейтіні кездесіп отыр.
Біз дәстүрі мықты, қаймағы бұзылмаған, қариясын сыйлап,төрге оздырған халық ретінде ұрпағымыздың бұл дертке бой алдырмауының алдын алу шараларын тек дәрігер, ұстаздар ғана емес қоғам болып қолға алуымыз керек.
Бұл орайда мектеп психологі мен сынып жетекшісінің атқарар қызметі айрықша рөл атқарады. Мектеп табалдырығын аттаған әрбір бүлдіршіннің отбасы жағдайы толық зерттеліп, әлеуметтік карта толтырылып, сол карта бойынша түрлі санаттағы отбасылармен тығыз байланыс орнату - әр жасөспірімнің жарқын болашағының кепілі ғана болып қоймай, өз ісінің нағыз маманы екенін аңғартары сөзсіз.Күнделікті сабақта отырған оқушының көңіл-күйі сенің назарыңнан тыс қалмау керек. Оны аңғару, дер кезінде көмек қолын созу, жақсы жол көрсету, зиянды заттар мен әдеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу - сенің шеберлігің әрі ұрпақ алдындағы адамзаттық борышың.
Есірткіге еліту...Қоғам дерті – ұлт дерті. Дерті бар ел қалай өркен жайып, гүлденбек, жасарып, жаңғырмақ. Олай болса, білімді де білікті ұрпағымыз азбасын десек, осы тақырыптағы насихаттау жұмысының түрлі формаларын жүзеге асыра отырып, «Есірткіге жол жоқ!» ұранымен қоғамдағы дерттің алдын алуға бірге ат салысайық!
Егізбаева Балғын Жақсыбекқызы
Қызылорда қаласындағы №12 ІТ-мектеп-лицейінің
тарих және құқық пәнінің мұғалімі
Қызылорда қаласындағы №12 ІТ-мектеп-лицейінің
тарих және құқық пәнінің мұғалімі