» » Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткісіз өмір ғажайып

Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ
тарапынан жарияланған байқауға

Әлемді жайлаған нашақорлық дерті тамырын кеңге жайып, одан сайын өршіп жұқпалы ауруға айналып барады. Бұл құмарлыққа Қазақстанда шалдығуда. Негізінен есірткіні тұтынушылардың басым көпшілігі оқушылар десек, қате айтпаймыз. Себебі жасөспірімдер әр нәрсеге еліктегіш келеді, яғни қызығушылықтары басым. Алайда,олар сол қызығушылықтарының өмір бақи бастарына қиындық болып жабысатындығын мүлдем ескермейді. Олардың саналарында "бір рет қолдансам, ештеңе қылмайды" деген қате тұжырым пайда болып, есірткіні тұтынуға әкеліп соғады. Және олар бір рет дәмін көріп, қалай оған деген тәуелділіктерінің пайда болғанын аңғармай да қалады. Осылайша, бір рет тұтыну арқылы есірткіге тәуелділік пайда болады. Есірткіге тәуелділіктің пайда болуы адам санасын улап, түрлі қылмыстық іс-әрекет жасауға дейін апарады. Қылмыс жасалған соң, жазаланады, темір торға бірнеше жылдап отырады, нақтырақ айтқанда, адамның болашағына балта шабылады.
Ата-бабамыз айтып кеткен "жақсыдан-үйрен, жаманнан-жирен" деген асыл сөз бар емес пе?! Енді неге осы нақылды бойымызға дарытпасқа. Не болса да жаман затқа, жаман іске еліктемей, тек жақсы, игі істерге бет бұрайық дегім келеді. Өмір адамның өз қолында. Сен оны қай арнаға бұрсаң да, ешкімнің еш жері кетпейді. Соңында зардап шегетін өзің ғана. Сондықтан осы бастан ойланайық, ақылмен іс-әрекет жасайық! Не істесекте түптің түбінде өзіміз өкінбестей амал қылайық!
Қорыта келе, аты шулы есірткіні тұтынып, тәуелді болып, өз өмірімізге, денсаулығымызға залал келтіргенше, қазақтың киелі сүт-айран, қымыз-шұбатын ішіп, бойымызға күш дарытайық!-деп үндеу білдіремін.

Алтай НҰРИЛА
222 орта мектептің 9 сынып оқушыс.
Қызылорда қаласы

16 қараша 2020 ж. 1 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031