» » Бұрымыммен көріктімін

Бұрымыммен көріктімін


«Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының қолдауымен қазақ қыздарына арналған құндылықты дәріптейтін «Шашбаулым» қыздар клубы ашылып, өз жұмысын бастады.
Алғаш рет «Шашбаулым» қыздар клубының ұйымдастыруымен, Инстаграм әлеуметтік желісінде «Бұрымыммен көріктімін» онлайн бейне-байқауы өткізілді. Мақсаты – бұрымның 21 ғасырда құндылығын көрсете отырып, қазақ қызының бойында кездесетін асыл қасиеттерді жастар арасында кеңінен насихаттау.

Байқауға 60-қа жуық бұрымды арулары қатысты. Байқау нәтижесі арнайы құрылған әділқазылар шешімімен анықталып, 11 ару үздік деп танылды. Атап өтер болсақ: І орын Нұрсая Шахымжанқызы (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті), ІІ орын Айару Аманбаева (№7 мектеп-лицейінің оқушысы), ІІІ орын Асылым Саматқызы –(«Ақмешіт» колледжінің студенті) иеленді.
«Бұрымды Ару» номинациясын Аяулым Анзарова (№7 мектеп лицейінің оқушысы), «Көрікті Ару» номинациясы Гүлжазира Елеусізова («Болашақ» жоғарғы медицина колледжінің студенті), «Тәтті Ару» номинациясы Айғаным Байтас (№261 орта мектебінің оқушысы), «Қылықты Ару» номинациясы Гүласыл Досбол (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенті), «Сапалы бейнеролик» номинациясы Аяжан Орақова («Абылайхан» атындағы жоғарғы колледж) «Кербез Ару» номинациясы Гүлнұр Аманбекқызы («Болашақ» жоғарғы медицина колледжінің студенті), «Ұяңды Ару» номинациясы Мерей Диханбаева («Болашақ» жоғарғы медицина колледжінің студенті) «Ерекше өрім»номинациясы Жансая Нағашыбай («Өркениет» медицина колледжінің студенті) марапат биігінен көрінді.

Бекен Ғалымжанұл,
«QOSYL» қалалық жастар ресурстықорталығының маманы
17 қараша 2020 ж. 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930