» » Қызылордада химиядан республикалық олимпиада өтті

Қызылордада химиядан республикалық олимпиада өтті


Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында 5В011200-«Химия» мамандығы бойынша ХІІ Республикалық онлайн пәндік олимпиада өтті.

Олимпиаданы өткізудегі мақсат – жастардың шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру және химия саласындағы студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру.
Олимпиада нәтижесі бойынша «Үздік команда» номинациясы бойынша І-орын М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жеңіп алды. ІІ-орынды екі университет: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті алды. Ал ІІІ-орында үш университет жүлдегер атанды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша «Үздік студент» номинациясы бойынша І-орынды М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Т.А.Горшкова алды. ІІ-орынды М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті И.А.Шкрябко, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті студенті Н.М.Ералиева ие болды. ІІІ-орынды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті студенті Ж.Б.Сейтқазы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті студенті А.Қ.Утегенова, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Н.Б.Тоқтамыс.
Олимпиаданың жабылу салтанатында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімова сөз алып, барша жеңімпаздарды жүлделі орындарымен құттықтады.



24 мамыр 2020 ж. 643 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031