Кino_time

  Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып қалған студенттік өмір ешқашан ұмытылмайды. Қызығы мен шыжығы мол сол бір төрт жыл талай әдемі де әсерлі естеліктерге арқау болатыны анық. Студенттердің әр күні мерекедей өтсе де, күнтізбеде белгіленген өзіндік мейрамдары да бар. Ол – 17 қараша – халықаралық студенттер күні!
Мереке қарсаңында облыстық Jas Otan Жастар қанаты қалалық «Qosyl» жастар ресурстық орталығында студенттерге арнап «Kino_time» кешін ұйымдастырды. Көрсетілімдегі «Стажер» фильмі бір күн бұрын әлеуметтік желі оқырмандарының ұсынысымен таңдалды.
Фильм ең алдымен ұжымның көңіл-күйін жеткізуге, ынтымақтастық пен тәлімгерлікке бағытталған. Кейіпкерлер өз рөлдерінің арқасында оқиғаны өте жақсы баяндаған.
«Өміріңнің соңына дейін саған қызмет ететін және сенен ешкім тартып ала алмайтын жалғыз нәрсе –бұл жиған тәжірибең! Тәжірибе – бұл уақыттың ең пайдалы инвестициясы. «Стажер» фильмінің айтылар негізі де осы.
Сондай-ақ, «Стажер» фильмінде өмірдің кезкелген уақытта, кез-келген жаста қаншалықты әдемі болатындығы туралы сипатталған. Ең бастысы – сүйікті іспен айналысу, үміт үзбеу және басқаларға пайдалы болуға ұмтылу. Фильмнің ұрандарының бірі: «Адамдарға ашық болыңыз, сонда олар сізді қараңғы түндегі шамшырақ секілді іздейді!» – деп киноман Қанатбай Диас өз пікірін білдірді.
Айта кетейік, орындар саны шектеулі болғандықтан көрермендер алдын ала тіркелуден өтіп, барлық санитарлық талаптары сақталды.
18 қараша 2020 ж. 280 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031