СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
Jas Otan ЖҚ студенттердің өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап ЖОО және ТжКБ жанындағы студенттік жатақханаларға жүйелі мониторинг жүргізіп келеді.
Мониторинг жүргізудің мақсаты – көптеген жатақханалардың санитарлық нормаларға, тұрмыстық жағдайларға сәйкес келмейтін фактілерін анықтап, оқу орындарының басшылығына ескертулерді жою бойынша ұсыныстар беру.
Мониторинг жүргізудің мақсаты – көптеген жатақханалардың санитарлық нормаларға, тұрмыстық жағдайларға сәйкес келмейтін фактілерін анықтап, оқу орындарының басшылығына ескертулерді жою бойынша ұсыныстар беру.
Қызылорда қаласында 3 жоғарғы оқу орны, 17 арнаулы орта білім беру ұйымдары және оларға қарасты 10 студенттік жатақхана бар.
Кеше облыстық Jas Otan ЖҚ жанынан құрылған мобильді топ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің №3, №5 және Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жатақханаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мобильді топтың құрамында «\Nur Otan партиясы қалалық филиалының маманы Д.Кенжалиев, Jas Otan ЖҚ облыстық филиалының кеңесшісі А.Какарманова, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы А.Смайлов, қалалық жастар ресурстық орталығының директоры С.Кеңшілік және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің №3 және №5 жатақханалары 1200 орын, Қызылорда медициналық жоғары колледжінің жаңа жатақханасы 330 орынмен жасақталған.
Жатақханалар асхана, медициналық пункт, душ, ктіапхана, оқу залы, сыртқы спорт алаңы, тегін интернет Wi-Fi және қажетті құрал жабдықтармен қамтылған.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың мониторинг қорытындысы бойынша 3 арнаулы орта білім беру ұйымдарының басшылығына ескертулерді жою бойынша және 1 оқу орнына жаңа жатақхана ғимаратын салу жөнінде ұсыныс берілген болатын.
Алдағы жүргізілетін мониторинг нәтижесімен аналитикалық талдау жасалып оқу орындарының басшыларына және құзырлы органдарға арнайы ұсыныс хаттар жолданатын болады.