» » 2 КҮНДЕ 43 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ

2 КҮНДЕ 43 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ

Облысымызда соңғы 2 күнде 43 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Шамшидин Әмитов мәлімдеді.
Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тауып, 10 адам түрлі дене жарақатын алған. Сонымен қатар 39 жол-көлік оқиғасында азаматқа материалдық шығын келтірілген.
– Автомобиль жолдарының тайғақ учаскелері “ҚазАвтоЖол” мекемесінің қызметкерлерімен бірге тез арада тексеріліп, көлік құралдары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. Республикалық маңызы бар жолдардың қауіпті аймақтарына патрульдік полиция бекеттері қойылды. Жолдарға арнайы заттар себетін 9 мамандандырылған автокөлік жұмылдырылды. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жүргізушілерге көлік дөңгелектерін қысқы шиналарға шұғыл ауыстыру қажеттілігі, ауыстырылмаған жағдайда мұндай құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 5-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертілді, – дейді Шамшидин Әмитов.
Соңғы 10 айда облыста 345 жол көлік оқиғасында 68 адам қайтыс болса, 401-і дене жарақатын алған. Жол көлік оқиғаларының басты себебің бірі – жолда жүру ережесінің өрескел бұзылуы. Көлікті мас күйде басқарған 902 жүргізуші анықталып, 785-і көлік құралын басқару құқығынан айырылса, барлығы әкімшілік қамаққа алынған. Көлік құралын басқару құқығынан айырылып қайта басқарған 325 жүргізуші анықталып, тиісті әкімшілік шаралар қолданылды. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден өту салдарынан 12 азамат дене жарақатын алған. Ауа-райының суытуына байланысты және «Жол қозғалысы ережесіне» сәйкес жүргізушілер көлік дөңгелектерін 1 желтоқсанға дейін қысқы шинаға ауыстыруға міндетті.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА
19 қараша 2020 ж. 275 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930