» » Жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

   Қызылорда облысы Арал ауданының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзған жеңіл автокөлік тоқтатылды.   Автокөлікті басқарған облыс орталығының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Анықталғандай, бұл азамат сот шешімімен 28 наурыз 2019 жылы көлік құралын жүргізу құқығынан 3 жылға айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды.
Бұл орайда, жол - көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарының жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
14 тамыз 2020 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930