» » Голливуд жұлдызы Қазақстан азаматтығын алмақ

Голливуд жұлдызы Қазақстан азаматтығын алмақ

Өскеменге бір топ Голливуд жұздызы келді. Кэри Тагава, Майкл Мэдсен, Бай Лин, Марк Дакаскас және Эрик Робертс ШҚО әкімінің шақыруымен Өскемнге келді. Олар продюсер Арман Асеновтың басшылығымен Шығыс Қазақстан туралы фильм түсірмекші. Әзірге фильмнің қай жанрда болатыны белгісіз. Бір анығы, ол туынды өңірді әлемге таныту үшін түсірілмек. Кэри Тагава бұл жобада бас продюсер қызметін атқарады. Даниал Ахметовтың қабылдауында аталмыш актер Шығыстың табиғатына тәнті болғанын айтты. «Мен - жапондықпын, біздің қазақтармен байланысымыз көп. Сіздердің жандарыңызда болғым келеді, сондықтан Қазақстанның азаматы болу жоспарымда бар», - деді ол.
Голливуд жұлдыздары бұл жолғы сапарында еліміздің бірнеше ауданын аралап, өңірдің тыныс тіршілігімен және киелі орындармен танысады. 

13 ақпан 2018 ж. 1 521 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031