Мәскеу қазақтың құрметіне қойылған ба?
Белгілі ғалым филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы ұлттық тарихымызға байланысты әлі күнге зерттеуді қажет ететін дүниелердің көптігін жиі айтады. Өзінің бір сұқбатында Мәскеудің атауы қазақ жігітінің құрметіне қойылғанын мәлімдеген.
– Мәскеуді 1088 жылы Асат Мосқау деген жігіт билеген. Мәскеудің халқы оны жақсы көргеннен оның атын Мәскеу дегенге айналдырып жіберген екен. Сонда орыстың астанасының аты Мәскеу қазақтың есімінің құрметіне қойылған, – дейді ғалым.
Оған қоса, Киев Русьін басқарған Сұңқар деген қазақ болғанын да жеткізген.
– Болгар тарихшысы Киевский русьті басқарып тұрған Сұңқар деген қазақ болыпты деген мәліметті тапқан. Оған Соколов, Станислав деген ат қойған. Ол сол елде тұрып, орыс қызына үйленген. Ресейдің мемлекеттік жүйесін құрып, жасаған осы қазақ болған. Кейін осыны жасырып қалу үшін Киевтің ұлы князі Владимир Мономах жазбалардың бәрін өшіріп, көзін жойып, орнына жалған құжат жасаған екен. Біз осыған 1860 жылдан бері сеніп келдік. Сөйтсек бұл өтірік екен. Бұны Болгар тарихшылары айтып берді, – деген ғалым.
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы бұл тарихи деректердің де уақыт өте келе мойындалатынына сенімді.