Отыз жылдан соң Олимпиада өткізіп жатырмыз – Ли Хи Бом
2018 жылғы Пхенчхан Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің басшысы Ли Хи Бом ашылу салтанатында сөз алып, Оңтүстік Кореяға отыз жылдан кейін жеткен ойындардың маңызы туралы айтты.
Еске сала кетсек, 9-25 ақпан аралығында Пхенчханда ХХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 46 спортшы қатысады.«Сіздерді көргеніме қуаныштымын. Қазір біз тарихи сәт - 2018 жылғы Олимпиаданың ашылуы рәсімін тамашалап отырмыз. Оңтүстік Корея 1988 жылғы Сеул Олимпиадасынан кейін 30 жылдан соң ойындар өткізіп жатыр. Ең алғаш еліміз 1948 жылы қысқы ойындарға қатысты. 1952 жылы Корей соғысы аяқталмаса да, Хельсинкидегі Олимпиадаға барды.Екі рет сәтсіз мүмкіндіктен (2010, 2014 жылы бұл елге Олимпиаданы өткізу құқығы берілмеді – авт.) соң Пхенчханда Олимпиада өтіп жатыр. Екі ел (Оңтүстік Корея мен КХДР – авт.) бір тудың астында салтанатты шеруге қатысты. Пхенчхан әлемге бейбітшілік сыйлайды деп үміттенемін. «Олимпиадада бастысы - жеңу емес, қатысу» деген жақсы сөз бар. Осында тұрғандар - бәріңіз де жеңімпазсыздар, өз елдеріңіздің қаһарманысыздар. Жылы естіліктер қалдырсаңыздар деймін», - деді ол.