» » Ғалымдар қатерлі ісікпен күресетін тағы бір дәріні анықтады

Ғалымдар қатерлі ісікпен күресетін тағы бір дәріні анықтады

Моффитт атындағы онкология орталығы және Ұлттық қатерлі ісікке қарсы институттағы америкалық ғалымдар аспириннің аз ғана мөлшері аналық безде қатерлі ісік пайда болу қаупін төмендетеді деген шешімге келді.
Мамандар 750 мың әйел қатысқан 13 зерттеу барысында алынған мәліметтерге талдау жүргізген. Еріктілер арасында аспирин және ибупрофен, напроксен секілді қабынуға қарсы стериодты емес дәрілерді қолдану деңгейін бағалау үшін сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде 3500 астам әйелде аналық без обыры пайда болған.
Анықталғандай, аспириннің аз ғана мөлшері қауіпті ісіктің пайда болу қаупін 10 проценткен азайтады.
Моффит орталығы мен Маноадағы Гавай университеті мамандарымен жүргізілген басқа зерттеу нәтижелері аналық безінің қатерлі ісігі бар адамдардың аспирин мен ҚҚСД қабылдауы аман қалу көрсеткішін 30 процентке жақсартатынын дәлелдеген.
Ғалымдардың айтуынша, қатерлі ісікті емдеу және оның алдын алу үшін қажетті дәрі мөлшерін анықтау үшін зерттеулерді жалғастыру керек.
23 шілде 2018 ж. 976 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031