» » Қуандық Рахым кімге ғашық екенін айтты

Қуандық Рахым кімге ғашық екенін айтты


Талай қыздың арманына айналған әнші Қуандық Рахым бүгінде керемет әндерімен көптің көңілін табуда. Өнер иесінің «Лаула» деп аталатын жаңа туындысы да тыңдарманын тауып үлгерді.
Ал, дүйім жұрт бұл дүниенің кімге арналғанын біле ме? Бұл сұраққа әншінің өзі Stan.kz  сайтына  берген сұхбатында жауап берді.
Шынымды айтайын «Лаула» әні  кезінде менімен дуэтте ән орындаған Гауһар Сардарбекке арналады. Бұл туындыда мен оның сұлулығы жайлы сыр шертемін»,-дейді Қуандық Рахым. Айту керек, сері жігіт пен сылқым сұлудың арасында махаббат сезімі бар деген қауесет ел арасында жүрді. Алайда, әншілер мұны үнемі теріске шығаратын. Десек те, ұзын құлақтың айтқаны рас болып шықты. «Мен осыған дейін Гауһарды қарындасымдай көремін деп айтатынмын. Бүгін сырымды ашайын. Гауһар екеуміз дуэт болмай тұрып көңіл қосқанбыз. Жасырмаймын мен оны, ол мені өлердей сүйдік. Шаңырақ көтереміз деп те ойлаған едік.
Кейіннен дуэт болып шыққалы ол мені тыңдарман қыздардан қызғанып жүрді. Қызғаныш соңы ұрысқа айналды. Концерт сайын жанжал болып тұратын. Мұны көрген продюсерім Жанна Абуова   “өнер не болмаса Гауһарды таңда” деп талап қойды. Мен әрине өнерді таңдадым. Өкінбеймін. Десе де, Гауһарды кейде сағынатыным бар»,-деп Қуандық осыған дейін ешкімге айтпаған құпиясын жайып салды.
01 тамыз 2018 ж. 2 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031