Станимир Стоилов: Ертең менің екі Отаным арасында ойын өтеді
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Болгария құрамасымен өтетін жолдастық кездесу алдындағы баспасөз жиынына қатысты, деп хабарлайды prosports.kz сайты.
Болгариялық маман футболшыларынан Венгрия құрамасын жеңгендері жайлы ұмытып, алдағы ойынға тыңғылықты дайындалуды сұрап отыр.
- Менің ойымша, ертең қызықты әрі тартысты ойын болады. Біз FIFA рейтингісінде 40-шы орында тұрған құрамаға қарсы ойнағалы отырмыз. Жолдастық кездесу болғанымен өте маңызды. Мен үшін алып айтқанда, бұл менің алғашқы Отаным мен екінші Отаным арасындағы матч.
Ертең қай деңгейде өнер көрсете алатынымызды көреміз. Венгрия құрамасын жеңгеніміз кездейсоқ оқиға емес екенін дәлелдеуіміз керек. Венгрияны жеңгенімізді ұмытып, Болгария футболшыларына қарсы ең жоғарғы деңгейде ойнауымыз қажет. Мені алаңдатып отырған мәселе - біз ұзақ күттірген жеңіске көп қуандық. Енді футболшылардың көңіл-күйін қалпына түсіріп, ертеңгі ойынға жаңа ұмтылыспен шығуымыз керек.
Мен екі құраманың да жақсы өнер көрсеткенін қалаймын. Болгарияның Босния құрамасына қарсы ойынын тамашаладым. Қарсыласымыз тамаша матч өткізді. Олар жақсы жылдамдық пен жоғары техника көрсете алды. Болгария құрамасы футболды қалай ойнау керек екенін білетін мықты команда. Бұл ойын біз үшін тағы бір маңызды сынақ болмақ, - деді Стоилов бапкер.