Бүгінгінің қыздары...

Қыздың тағдыры бізді алаңдатаны жасырын емес. Күн өте келе, олар қандай болмақ? Құрбыммен «Шымбай» мөлтек ауданына бір кафеге барғанмын. О, тоба, шоудың жеті атасы сонда екен. Биді көрсең айдаладан шошисың. Бір-біріне жабысқанын көргенде көз ұялады. Бірде туған күн тойлауға түнгі клубқа бардық. Құрбым өтінген соң көңілін қалдырмадым, оның үстіне арадағы сыйластық бар... Қыздардың жарыса кальян шеккенін сонда көрдім. Бұрын сыра ішіп жарысатын, ол жолда қалыпты. Ысқырықтың даусы құлақ тұндырады. Айта берсең көп енді.
Қазіргі қыздар да еркіндеу. Жүрісі де еркін, тұрысы да еркін. Ойлауы да еркін. Сөйлеуі де еркін, тілі де еркін, діні де еркін. Қыздар хиджаб, жігіттер пиджак киеді. Бойжеткендердің арасында иманды һәм ибалылары да жеткілікті. Сонымен қатар қырық үйден тыйым түгілі, тоқсан үйдің тосқауылына да пысқыра қоймайтындары да жетерлік.
Мөлдір САБЫРЖАН