» » Күт мені, ауылым!

Күт мені, ауылым!

    Қалада туып, қалада оқығанмен жүрегімнің түкпіріндегі ұлы бір сезім ауылға тартып тұрады. Құдды бір магнит күші тәрізді осы бір құдыретті күштің тылсымын түсіне алмадым. Адам баласының кеудесіндегі аласармас арман, биік мақсаттар да осы туған жердің құнарлы топырағынан бастау алады. Иә, солай тәрізді.
Қызылорданың іргесіндегі Қоғалыкөл берекесі мен бірлігі артқан алақандай елді мекен. Қай уақытта барсам да тынымсыз тірлігінен босамайтын елдің жат әдеттерге бет бұруға мұршасы жоқ. Жазғы демалысқа шығысымен ауылға ат басын бұрып, әжемнің құрт-майын, қауын-қарбызын жеп, ауылдың қарбалас тірлігіне қолұшын тигіземін. Онда Бекарыс, Әділет, Гүлім деген достарым бар. Мен әжемнің тұңғыш немересі болғандықтан, бар тәттісін алдыма қойып, төбесіне көтере еркелетеді. Достарыммен ауыл ортасындағы көлге шомыламын, балық аулаймын, уақытым қызықты өтеді. Ал қысқы демалыста барғанымда әлгі шомылатын көліміз кәдімгі айдын болып қатады. Коньки теуіп, шанамен сырғанаймыз. Ешкім келіп, көл бетінде сырғанағаның үшін ақы сұрамайды. Кейде қызығып, мұндай сәтті күн сайын бастан кешіп жүрген әрбір ауыл баласы бақытты шығар деп ойланамын. Расымен, солай ғой.
Көкем екеуміз қыстыгүні көлді ойып, қармақ салсақ, жаздыгүні бақша отаймыз. Ауылдың қарадомалағына айналып, әрбір күнімді қайталанбас қызықпен өткіземін. Иә, ауылдың арайлап атқан әрбір таңы баурап алады. Қаланың қапырық ауасын ысырып тастап, ала бұлтқа мініп, тартып тұрғым келеді. Тағы да сондай күй кешіп отырмын. Күт мені, ауылым!
Жантөре ТҰРСЫНХАН,
Ғ.Мұратбаев атындағы
№171 орта мектеп оқушысы
16 тамыз 2018 ж. 1 057 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031