ӘЖЕМНІҢ НАУРЫЗ КӨЖЕСІ
Біздің лебіз
Әр Наурыз сайын осы бір оқиға есіме оралады...
Екі мыңыншы жылдардың басы, мен 1 сынып оқушысымын. Осыған дейін мейрамға соншалықты мән бере қоймаған болуым керек. Тек ақшаңқан киіз үй мен қарақұрым көпшілік қана елестейтін. Мерекені ойлап жүрген мен жоқ, каникулға шыққаныма қуаныштымын. Сол күні анам атамның үйіне апарып тастады. Үйге кірген беттен өзгеше бір астың иісі келді. Әжем де күндегіден өзгеше, үстіне қамзолын киіп алыпты. «Наурызың құтты болсын, балам» деп бетімнен мейірлене сүйді де, таңсық тағам ұсынды. Дәмін татып едім бірден ұнады. Содан бері Наурыз келді десе, әжемнің көжесі есіме түседі.Сол көженің дәмі таңдайымда әлі тұр.
Ерхан АҚЫН