» » Кім сүндеттеу керек?

Кім сүндеттеу керек?

Dariger kenesi
  Балаларды сүндеттеу яғни циркумцизия –ислам дінінде әуел баста араб халқының әдет-ғұрыпы болатын. Сүндет Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) сүннеті болғандығы үшін де мұсылман халықында ерекше маңызға ие болды.
Көптеген медициналық зерттеу жұмыстары сүндеттеудің мынандай пайдасы бар екенін дәлелдеді: Сүндеттелмегендерге қарағанда, сүндеттелген ерлер жыныстық қатерлі ісікке (рак) анағұрлым аз шалдығады;  Ері сүндеттелмеген әйелдерде жатыр мойыншағының қатерлі ісікке шалдығу қаупі алты есе жоғары; Жыныстық жұқпалы ауруларды жұқтыру қаупі сүндеттелмегендерде сегіз есе жоғары;
  Гигиеналық тұрғыдан бактериалогиялық, стафикокк (іріңді микроб), гонорей (жыныстық жіңішке ауруы) микробтарынан таза болу тұрғысынан сүндет жасату аса қажет. Оған қоса, смегмалардың (қорғаушы ақ түйіршектер) қабынып, жараға айналуыда  үлкен рөл ойнайды.
Сүндет фимоз (жыныс үрпісінің жиырылып ашылмай қалуы), парафимоз,
баланит, баланопостит кеселдерінің алдын алады. Жалпы әр нәрсені өз маманы жасағаны абзал. Негізінен балалар хирургтары мен урологтар баланы сүндеттемес бұрын жыныс мүшесін толық тексереді. Ал басқа медицина қызметкерлері аталған сүндеттеуді игергенмен (көп жағдайда балаларға тән анатомо-физиологиялық ерекшеліктерді ескеру тыс қалады), аталған балалар жасына тән патологиялар туралы мүлдем хабары болмағандықтан  науқастар кеш, асқынған күйде қаралатыны анық.
Сонымен қатар халық арасында кей балаларда  «періштесі піштірген», «іштен піштіріліп туылған» деген ұғымдар бар, аталған өзгерістер негізінде гипоспадия деген патология саналады, осындай өзгерістер анықталған жағдайда балалар хирургі немесе балалар урологына жүгінген дұрыс.
     Әдебиеттерде шолу жасайтын болсақ, «Ер балалардың өсіп дамуы» атты монографияда балаларды сүндеттеудің үлкен маңызды ғұрып екені және оны тек қана балалар хирургі мен уролог дәрігерлердің жасау керектігі нақты айтылған. Осы сүндеттеудің өзінен үлкен мәселе туындауы мүмкін. Соңғы 3 жылдың өзінде бірнеше бала мамандандырылған балалар хирургия бөлімшесіне түрлі асқынулармен түсті. Сараптай келе, аталған шағын операцияны түрлі медицина қызметкерлері жасағаны анықталды. Сондықтан баланың болашағына әсері мол, тұқым көбейтуде, ұрпақ өрбітуде өмірлік маңызы бар мүшеге тек қана өзіндік сертификатталған мамандар (балалар хирургі және уролог) араласуы қажет екенін ескертеді.
1 тамызда облыстық балалар ауруханасында сүндеттеу акциясы ұйымдастырылды. Нәтижесінде 50-ге жуық қаламыздағы әлеуметтік және тұрмыстық жағдайы аз қамтылған отбасы балаларына циркумцизия отасы жасалып, барлығына дайындалған сыйлықтар беріліп (мектепке арналған құрал жабдықтар), ата-аналар мен балалардың куанышына куә болды.
Қанат Медетбаев,
Облыстық балалар ауруханасы
  бас дәрігерінің хирургия жөніндегі орынбасары                                                       
16 тамыз 2018 ж. 2 092 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031