» » Қайран, әріптер, тыныс белгілер

Қайран, әріптер, тыныс белгілер

   Уатсап, инстаграм, фейсбук... Әлеуметтік желіде сіз де, біз де бармыз. Досыңызбен қалай сөйлесесіз? Бағамдап көрейік:
І түрі
–  Сәлем, досым, хал қалай?
 – Шүкір, жақсы, өзің қалайсың?
– Бүгін кешке дайынды­ғың қалай?
– Ата-анам жұмыстан кел­ге­сін баратын болдым.
– Жарайды, ендеше кешікпе, күтеміз!
– Кездескенше!
ІІ түрі
        – Салам кент каксын
– Тема озин
– Тема гой че там кешке неистейсин келесинба
– Проблема кеш барам
– Дывай кешикпе ждем.
Сауатты жазатын адамды сирек кездестіресіз бүгінде. Хабарламада үтір, нүкте, сұрақ белгісі деген мүлде болмайды. Оның үстіне қазақтың «ғ», «ң», «ө» секілді төл әріптері пайдаланыла бермейді.
Бір танысым бар. Әлеуметтік желі арқылы жиі сөйлеседі. Айтуынша, танысып, араласқанда тұрған ештеңе жоқ. Құп делік, бірақ бірде-бір қазақ әрпін пайдаланбайды. Бізге қазақша жазуға не кедергі жасайды? Әлде смартфоныңызға қазақ әрпін жүктеу қиын ба?
Зейін салып, сараласақ, диалог жасаушы екі адамның сауаттылығы мен мәде­ниет деңгейін байқай аламыз. Сіздің ойыңызша қай сөйлесушінің қарым-қатынасы көңіл толтырады? Әри­не, біріншісы. Неге? Се­бебі көзге тартымды, ықы­л­ас­­пен жауап бергің келіп тұрады. Тыныс белгісі қойылған, түсінікті.
Қайнар Олжай «Жастардың әлгі әлеуметтік жүйелер арқылы жіберген хабарламаларының мәтінін көрсең, төбе шашың тік тұрады. Тыныс белгі деген атымен болмайды мұндай хаттарда. Сөз-сәлемдемелердің дені латын әріптерімен жазылады. Қыз бен жігіт бір-біріне жолдайтын хатын қазақ тілінің төл грамматикасына бағындырып әуре болмайды» деген еді.
P.S:  «Кеше екі сағат бойына жарық сөніп қалды. Интернет өшіп, әбден әбігерлендік. Содан үйдегі адамдармен сөйлесіп, әңгімелесуге тура келді. Сөйтсем өздері жап-жақсы кісілер екен». Бұл – бүгінгінің қалжыңы. Заманға орай шыққан. Әзіл де болса зіл.
Мөлдір САБЫРЖАН
16 тамыз 2018 ж. 1 081 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031