» » ЖАНҒА ЖАЙЛЫ "ЖАНАРАЙ"

ЖАНҒА ЖАЙЛЫ "ЖАНАРАЙ"


Үй жануарларына арналған азық-түлік өнімдерін шығарумен танылған "ЖанАрай" ЖШС-нің жүйелі жұмысы көпке үлгі.  Жақында серіктестік оқу орталығы мен қонақ үй кешенін пайдалануға берді. Қызмет көрсету нысанының ашылу рәсіміне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
  – "ЖанАрай" мекемесі –  заманауи талаптарға сай ауқымды агроиндустриялық кешен. Міне, оқу орталығы, мейрамхана мен қонақүй ашылып отыр. Бұл өңірдің экономикасына инвестиция салудың және тұрақты жұмыс орындарын құрудың тағы бір жарқын көрінісі,– деді аймақ басшысы.Оқу орталығында 3 дәрісхана, көрме залы және 2 конференц-зал, сырт аймақтан қатысушыларға арналған хостел мен асхана бар. Аталмыш ұйым семинар, турнир және басқа да білім беруге қатысты іс-шараларды өткізу бойынша қызмет көрсетеді.
Мұнда оқу семинарлары мен мастер-кластар, шахмат турнирлері және басқа да іс-шаралар өткізуге болады. Жақында ауыл әкімдеріне арналған біліктілікті арттыру курстары өтті. Ауылшаруашылық қызметкерлері үшін көрнекі тәжірибелік оқулар өткізуге өте ыңғайлы, деді серіктестіктің бас директоры Бақдәулет Мақашов.
Кешеннің арт-директоры Еркебұлан Жәкетайдың айтуынша, құрылыс жұмысы 2012 жылы басталып, еуропалық стандартқа сәйкес жүргізілді.Жаңа нысанда 50 адам жұмыс істейді. Кешендегі оқу орталығында негізінен аграрлық сала мамандары білімін жетілдіреді. Ал қалаға жұмыс барысымен келушілер, турист, студент, спортшылар хостел қызметін пайдаланып, ақшасын үнемдей алады. Айта кетейік, оқу орталығы, қонақүй және мейрамхана кәсіпкердің жеке   қаржысына   салынған.
Ерасыл ШӘРІБЕК
26 қазан 2018 ж. 695 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031