Анасы сыртынан құлыптап кеткен: Семейде үй өртеніп, бір отбасының екі баласы мерт болды
Ішкі саясат Семей қаласы департаментінің мәліметіне сәйкес, екі баланың өліміне қатысты брифинг өткізілді.
Оқыс оқиға Семей жанындағы елдімекенде болды. Өрт екі қабатты үйден шыққан.
Өрт сөндірушілер үйдің ванна бөлмесінен 2012 және 2015 жылы туған екі баланың денесін тапты. Балалар жедел жәрдем келгенше жан тәсілім етті. Қала әкімі оқиға орнына барды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Тілсіз жау балалардың шалалығынан не отты дұрыс пайдаланбағандықтан болуы мүмкін.
Қала әкімдігінің мәліметінше, анасы Темерканова (Лаврухина) Анастасия қазір де жүкті. Балаларды үйінде қалдырып, есігін сыртынан құлыптап дәрігерге қаралуға кеткен. Әкесі Темерканов Виктор Шакенұлы елордада құрылысшы болып жұмыс істейді. Оқиға болған уақытта қала сыртында болған.