Мониторинг жүргізілді

«Жалпы өңірде инклюзивті білім беруге бейімделген 112 балабақша, 148 мектеп, 18 кәсіптік техникалық колледж бар. Онда 80-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жас білім алуда. Алайда, ерекше білім алу қажеттілігі бар балалардың арнайы маманы жоқ орындарда білім алып, бағдарламаны игеру сапасы төмен болатыны анық. Яғни, бағдараламаны игере алмау салдарынан соңғы кездері үйден білім алатын оқушылар саны көбейіп отыр. Сараптамалық топ жұмысының негізгі мақсаты аталмыш орындарындағы кемшіліктерді анықтап, мүмкіндігі шектелуі балғындарға кедергісіз орта қалыптастыру, олардың сапалы білім алуына жағдай жасау, қоғам назарын аударту», – деді Ержан Байтілес.
Аталмыш топ рейд барысында инклюзивті білім беру мекемелерінің материалдық базасы, білім беру сапасы, кадрлармен қамтамасыз етілуі секілді талаптардың сақталуын қадағалап, тиісті ұсыныстар мен ескертулер жасады. Бұл жұмыстар 30 сәуірге дейін жалғасады.
Мөлдір САБЫРЖАН