«ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ - БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»
Қалалық білім бөлімінің қолдауымен №50 «Жұлдыз» балабақшасында инклюзивті білім беру турасында семинар өтті.
Инклюзивті білім берудің мақсаты – баланың психологиялық, интеллектуалдық, физикалық жағдайына қарамастан кедергісіз білім алуына жағдай жасау.
Шараға қалалық білім бөлімінің басшысы Ақарыс Нұрсейітов, облыстық оңалту орталығының педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сара Жәнібекова, психология-медицина-педагогикалық кеңес беру (ПМПК) бөлімінің маманы Бибігүл Қосаева және «Q-Med» медицина орталығының директоры Раушан Базарбай қатысты.
Семинарда ерекше жүйенің тиімділігі мен шешілмеген түйткіл мәселелер жан-жақты талқыланды. Арнаулы «Айгөлек» тобының тәрбиешісі «Үй құстары» тақырыбында сабақ өтіп, ерекше білім алуды қажет ететін баламен жұмыс жүргізу тәсілімен бөлісті. Сондай-ақ, логопед Гүлзира Жасағанбергенова баланың тілін дамыту әдістері туралы ата-аналарға кеңес берді.
Әсел БЕГМАН