» » Діни экстремизм — қоғамға қатер

Діни экстремизм — қоғамға қатер

  Экстремизмнің өзі, шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттер ретінде түсініледі. Экстремизм әлеуметтік-экономикалық дағдарыстарды, саяси институттардың өзгеруін, тұрмыс деңгейін күрт төмендеуін, халықтың елеулі бөлігінің әлеуметтік болашағының нашарлауын, әлеуметтік және жеке жүзеге аспағандық, ұлтаралық алауыздық туғызады.
Діни араздық пен алауыздықты қоздыру, соның ішінде озбырлықпен және озбырлыққа шақырумен байланысты, сондай-ақ қауіпсіздікке, өмірге, денсаулыққа, имандылыққа немесе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қауіп туғызатын кез келген діни тәжірибені қолдану діни экстремизм ретінде белгіленеді.
Бұл негізгі факторлармен қоса ғалымдар экстремизмнің пайда болуы және дамуына әсер ететін қосымша факторларды атап көрсетеді. Оларға халықаралық немесе мемлекеттік жүйеде экстремизм көріністеріне қарсы күрестің осалдығы, тұрғындардың, жеке топтардың саяси және құқықтық мәдениетінің төмендігі, мемлекетаралық қатынастың әлсіреуі, әлеуметтік шиеленістің өсуі т.б. Дін адамзаттың рухани мәдениетінің маңызды бөлшегінің біріне айналды. Дін арқылы адамдар арасындағы рухани байланыстан, ұлтаралық келісім мен қоғамның беріктігі, адами құндылықты, салт-дәстүрді сақтаудың ең жақсы мүмкіндігін көре білуіміз қажет. Ұлттық мәселелердің дұрыс шешілуі Қазақстанның халықаралық қауымдастықта лайық орынға ие болуына, әлемдік өркениеттің горизонттарынан орын алуға мүмкіндік береді. Қоғамның діни өмірінің демократизациялауы бір жақты оң нәтиже бере бермейді. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Бұл көптүрліліктің нәтижесі діни конфессиялар формасы. Бұлардың әр қайсысы өз наным-сенімдерінің қағидаларымен өмір сүреді. Әртүрлі діндердің бір кезеңде, бір этно-мәдени кеңістікте болуы теологиялық мәселе ғана емес, әлеуметтік мәселе тудыратындығы сөзсіз. Діндердің өзгертуге болмайтын өзіндік діни ілімдері мен дәстүрлері бар, кейбір жағдайларда бір-біріне қайшы келетін, тіпті жоққа шығаратын, дінаралық сұхбат мүмкін болмайтын жақтары да кездеседі.
Қоғамға діншілдіктің осындай көріністерін анықтау және жария талқылау қажет,  оларға жалпы қоғамның игілігіне зиян келтіріп өз конфессияларына немесе діни қауымдардың игілігіне тырысу тән. Ол үшін, елімізде тұрып жатқан этностардың діни-имандылық құндылықтары мен дәстүрлерін, дінге еріктілікті, келер ұрпақтың тағдырына жауапкершілік сезімін, бірлескен күшпен өмірлік қиыншылықтарды жеңу тәжірибесін белсенді насихаттау экстремизмді таратуға қарсы әрекеттің күшті құралы бола алады.
Қарсы әрекеттің ең тиімді шаралары құқықтық базаны жетілдіру, арнайы қызметтердің жұмысын нығайту және жетілдіру, діни-саяси экстремизмді қаржыландыруға қарсы күресті күшейту, сондай-ақ түсіндіру және насихаттық-идеологиялық жұмыстарды жандандыру.
Нәтижесі ретінде, діни экстремизммен мемлекет пен қоғам бірлесе күресуге тиіс деп айтуға болады.
Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығы,
Кинобейне фильмдерін сактау және насихаттау секторының меңгерушісі – Ибраев Мухамедияр
21 маусым 2019 ж. 775 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930