» » АЖЫРАСУ ТҮЙТКІЛДІҢ ТҮЙІНІ ЕМЕС

АЖЫРАСУ ТҮЙТКІЛДІҢ ТҮЙІНІ ЕМЕС

  Дәстүрлі қазақ қоғамында ерлі-зайыптылардың ажырасу деректері сирек кездескенін әлеуметтанушылар жоққа шығармайды. Ата-бабаларымыздың өмірге үлкен жауапкершілікпен қарай білгені, соның арқасында өзіне лайықты жар таңдай алғаны осындай жағымды жайтты қалыптастырады десек, қалт айтпаймыз.
Үйлену оңай, үй болу қиын. Бүгінде отбасын құру от басқанмен бірдей. Статистика саны сөйлесін. 2018 жылы 137 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерген. Сөз жоқ, бұл–игі нышан. Осылай деп көңілдегі көрікті ойды әрі қарай жалғастырғың келеді-ақ. Әйтсе де 54797 отбасы  еліміздегіажырасудың рекордын жаңартқаны көңілге кірбің түсіреді. Осы арада олардың дәм-тұзының жараспауына, жас отаудың іргесі бекімей жатып, құлауына әсер еткен себептер қандай деген сауал көлденеңдей береді. Бұндай жағдайда ересек адам қандай да бір қиындыққа төзер, алайда бұғанасы бекімеген бала қайтпек? Анасымен қалса, өзге әкенің, әкесімен қалса, өзге шешенің өгейлігін көріп, көңілі күпті болмай ма? Ажырасудың ең ауыр зардабы да-осы.
Ажырасуға апаратын біріншіден себеп–екі жастың отбасылық өмірге дайын емес. Екіншіден, жастардың мінез-құлықының үйлеспеуі. Әрбір адам өз мінезімен өзгеден ерекшеленеді. Мінез өзгермейтін дүние емес. Хәкім Абай мінезді өзгертуге болмайды дегеннің тілін кесетінін білесіз. Үшіншіден, материалдық жағдайдың төмендігі, яғни, баспананың жоқтығы, несиенің көптігі, екі жасқа тойдан қалған қарызды салық етіп салу әсеретеді. Төртіншіден себеп жастарға үшінші тараптың әсері, яғни, отбасы мүшелерінің жеке өмірге араласуы. «Жігіттің жаманы жиырма бесінде өкшесін қисайтады» деген атам қазақ. Отбасының ойран болуына опасыздық жасау да сеп болмақ. Сондай-ақ жат қылықтарға үйірсектеу, зорлық-зомбылық көру шаңырақты шайтқалтпай қоймайды.
«Бала, бала, бала деп, түнде шошып оянған, түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянған» анасының мейіріміне бөленіп, асқар таудай әкесінің қамқорлығын көріп өскен баладан бақытты бала бар ма, сірә?! Алайда аумалы-төкпелі заманда отбасылық құндылықтар түгілі, ар-ұят, намыс, ождан секілді қасиеттер әдірем қалып, қоғам санасы уланғаны уытты шындық. Соның салдарынан қазіргі қоғам жауапсыз әкеге, көкек анаға, тастанды балаға толы. Қырық жыл қырғын келсе де, ажал жетпей шаңырағын шайқалтпаған әкелер, тағдыр тауқыметімен тайталасқан аналар көп еді бұл елде. Азайды...
Заман дамып, өзгерген сайын жалпы қоғамның құндылықтарға деген көзқарасы өзгерді. Бұл–бұлтартпас шындық. Демек, адамның қарым-қатынасқа деген көзқарасы өзгерді.
-Жаман әйел жігіттің тайдырады табанын, тар қылады заманын,
Жақсы әйел жігіттің жақсы қылар жаманын, ұшқыр қылар шабанын-, деп Майлықожа айтқандай, отбасының ұйытқысы, шаңырақтың шамшырағы анаға артар міндет көп. Бірақ әйел еріне арқа сүйейді, өзіне пана іздейді, сезімі мен сеніміне жауап күтеді.
Ақын Қасым Аманжоловтың өлеңінде: «Отбасы-шағын мемлекет, Мен–президент, сен - премьер» деген жолдар бар. Отбасы шағын мемлекет десек, отау құрып, шаңырақ көтерген екі жастың некесі неғұрлым берік болса, мемлекетіміздің де мерейі үстем болмақ. Рас, өмірдің аты-өмір. Керісу бар да, келісу бар. Бұл өмірдің жазылмаған заңы іспеттес.
Бибісара ЗИЯНСЫЗОВА
13 қыркүйек 2019 ж. 893 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031