» » «Сот кабинеті» – сотқа жүгінудің қолайлы тәсілі

«Сот кабинеті» – сотқа жүгінудің қолайлы тәсілі

   Кез келген салада тың жаңалықтың тиімді тұстарын енгізу арқылы халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыруға болатынына көзіміз жетіп келеді.
Республика судьяларының VI съезінде Елбасы әділ сот төрелігінің халықтың барлық топтары үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, бұл істе электронды ресурстарды кеңінен пайдалануды тапсырған болатын. Міне, бүгінгі күні ел азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Азаматтар ақпараттық сервистердің арқасында өз үйлерінен шықпай-ақ, ғаламтор арқылы сот құжаттарымен таныса алады.
Сот саласы үшін «Сот кабинеті» сервисі осындай халық игілігі үшін жасалған сәтті жобалардың бірі.
«Сот кабинеті» сервисіне тіркелу үшін алдымен, халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлық қолтаңба алуы қажет. «Сот кабинеті» сервисіне тіркелген әрбір тұлға электронды құжаттарды беру жүйесін пайдаланушы болып саналады.
Сот кабинеті - ол сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған бірыңғай терезе болып табылады. Бүгінде аталған сервис азаматтар мен заңды тұлғаларға кез-келген өздеріне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимінде электронды түрде талап арыздарды беруге, шағымдар мен өтінішхаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі уақытта «Сот кабинеті» сервисін қолданушылар қатары күн санап артып келеді. Ұсынылатын қызмет түрлері де одан әрі жетілдіріліп, соған сәйкес жаңадан қызмет түрлері де қосылуда. Мәселен, қазіргі уақытта «Сот кабинеті» арқылы онлайн түрде татуласу қызметі іске қосылды. Аталған функционалды пайдалану оңай және сервисті пайдаланушыға беретін тиімді жақтары да бар, яғни ол екі тарапқа да қолайлы жағдайларда дауды сотсыз тез және тиімді шешіп, уақытты үнемдеуге, ұзақ сот процестеріне кететін моральдық және материалдық шығындарды да үнемдеуге болады.
Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді оңайлатады, төрешілдік тосқауылдарды жояды, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады, бұл сыбайлас жемқорлықтың орын алмауын қамтамасыз етіп, азаматтардың уақытын және қаражатын үнемдейді, сот жүйесінің жариялылығы мен қолжетімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы соттың www.sud.kz ресми сайтында іске қосылған. Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азамат тұтына алады.
Ардақ Смағамбетова
Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің
Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
14 тамыз 2019 ж. 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930