» » Төсекке жата салысымен қалай тез ұйықтап кетуге болады? Пайдалы кеңестер

Төсекке жата салысымен қалай тез ұйықтап кетуге болады? Пайдалы кеңестер

    Қалай тез ұйқыға кетуге болады? Кей кездері бұл сұрақтың бізді мазалайтыны рас. Ата-бабаларымыз ұйқыға көп уақыт бөлген. Себебі олардың тәуліктік режимі күннің шығуы мен батуына байланысты болды. Ал біздің иелігімізде жасанды жарық болғандықтан, өз кезегінде ол адамның ояу уақытын ұзартып, ұйқы уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Алайда мамандар тәулігіне шамамен 9 сағат ұйықтау керегін айтады.
Қалай тез ұйықтауға болады
Күн тәртібінің реттелуі – ұйқысыздықпен күреске арналған басты дәрісіз құрал.
Ұйқыға жатар алдында тамақ жемеңіз. Бұл фактор көз ілуге кедергі келтіреді. Дұрысы, ұйқыға жатардан 2-3 сағат бұрын тамақтану.
Ұйқыға жатардан бірнеше сағат бұрын душ қабылдаңыз. Алайда төсекке жатпас бұрын міндетті түрде шашыңызды кептіріңіз.
Ұйқыға жатар алдында теледидар көріп, компьютер алдында отырмаңыз.
Жататын орныңызды өзгертіп, анағұрлым ыңғайлысына ауыстырып көріңіз.


Ұйқыға жатар алдында тыныштанып, денеңізді босаңсытуға тырысыңыз. Ол үшін кітап оқып, күнделікке күні бойы не істегеніңізді жазыңыз.
Ұйқыға жатар алдында пижама киіңіз.
Жақсы ұйқытауыңызға ненің көмектесетінін анықтауға тырысыңыз. Ол үшін бөлмедегі жарық, температураның қандай болуы керек екенін де түсінгеніңіз жөн. Жатын бөлмеңізді өзіңізге қолайлы жағдай жасаңыз.
Жатар алдында жуынып, тісіңізді тазалап, дәретханаға барыңыз.
Ұйқыға жатар алдында өзіңізге тән әдет ойлап табыңыз. Ол бір шыны шөп шайы немесе сүйіктің әуеніңіз болуы мүмкін.
Жатар алдында ертең істеуіңіз керек шаруалардың тізімін жасаған дұрыс. Осылайша, сіздің миыңыз ертең не болатыны туралы ойлауды доғарады.
Төсек-орын жабдығын уақытылы ауыстырып тұрыңыз.
Бөлмедегі жарықты өзіңізге қолайлы етіп қойыңыз.
Жарықты сөндіргеннен кейін не істеу керек
Тек жақсы нәрсе туралы ойлаңыз. Тіпті болмаса, «қойларды санауыңызға» болады.
Төсекке ыңғайланып жатыңыз.
Тынышталып, өзіңізге тезірек ұйықтап кететініңізді айтыңыз.
Бір минутта ұйықтау әдісі
4 секунд бойы мұрныңызбен ақырын тыныс алыңыз.
Тынысыңызды 7 секундқа тоқтатыңыз.
Мұнан кейін 8 секунд бойы ауыз арқылы асықпай деміңізді шығарыңыз.
Мұндай әдіс миыңызды тыныштандырады. Сонымен қатар сіздің орталық жүйке жүйеңіз ақырындап тыныштанып, үрей сезімі басылады. Мұндай әдіс үнді йогтарына бірнеше ғасырлардан бері белгілі. Олар мұны толықтай релаксацияға жету үшін, медитация кезінде қолданған.
13 қараша 2019 ж. 1 678 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031