Тұрғын үйлерге ауыз су кіргізілді

Өткен жылы аудан әкімінің есепті кездесуінде ауыл тұрғындары тарапынан ауыз су құбыры үйге дейін кіргізілсе деген ұсыныс түскен болатын. Бүгінде аудандық бюджет есебінен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуінің нәтижесінде елді мекендегі 30 тұрғын үйге таза ауыз су кіргізілді.